«Қазақстан» шахтасынан екі адамның мәйіті табылды

cover

«Қазақстан» шахтасынан екі жұмысшының денесі табылды. Болжам бойынша, олар тұншығып қалған. Марқұмдардың кім екені анықталып жатыр.

Қалған үш кеншіні іздеу жалғасып жатыр. ТЖМ хабарлағандай, олардың өмір сүру мүмкіндігі аз, өйткені оларда бар оттегі қоры бес сағатқа дейін ғана жетеді.

Айта кетейік, «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына қарасты «Қазақстан» шахтасында өрт болып, 182 адам құтқарылды. Шахтада барлығы 227 адам болған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар