Қазанда атыс ұйымдастырған күдікті өз кінәсін мойындады
Фото: оblgazeta.ru
Ресейдің тергеу комитеті Ильназ Галявиевке бірнеше ондаған адамды жарақаттағаны, Қазан қаласындағы мектепте оқ атып, екі немесе одан да көп адамды өлтіргені үшін айыптады. Тергеу талабы бойынша сот Галявиевті қамауға алды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Бұлтартпау шарасы бойынша сот сәрсенбіде Қазан қаласында өтті. Галявиев сотқа жеткізілді. Сотта сөйлеген тергеуші сотталушының кінәсін толық мойындағанын айтты. Тергеу мәліметтері бойынша, Галяев мектепте кем дегенде 17 рет оқ атқан, сонымен қатар ғимаратқа жарылғыш зат орнатқан.
Еске салсақ, Қазан мектебіндегі атыс 11 мамырда болды. Тоғыз адам қаза тапты: жеті мектеп оқушысы және екі мұғалім. Бірнеше адам өте ауыр жағдайда ауруханада жатыр.
Шабуыл жасаушы 19 жастағы Ильназ Галявиев осы мектептің түлегі, бірақ соңғы төрт жылда колледжде оқыған. Тергеушілер бұл әрекеттің себептерін анықтап жатыр. Татарстандағы Бала құқықтары жөніндегі омбудсмен Галявиевтің тіркелмегенін және ешқашан ешқандай құқық бұзушылыққа қатыспағанын айтты.
Тергеу мәліметтері бойынша, Ильназ Галявиев психиатр мен наркологта есепте тұрмаған, бірақ «қатты бас ауруына байланысты бірнеше рет медициналық көмекке жүгінген». Өткен жылы медициналық мекемелердің біріне жүгінуге байланысты оған ми ауруы диагнозы қойылған.
Айта кетсек, мектепке жасалған шабуыл құрбандарын жерлеу сәрсенбіде Қазанда өтті. Бұл күні Татарстанда аза тұту жарияланды. Мектеп жанынан стихиялық мемориал орын алды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық