«Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлеріне жеңілдетілген ипотека ұсынды
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері баспананы 10 пайыздық бастапқы жарнамен Халық банкі арқылы сатып ала алады.
— Бірнеше ай бойы біз Халық банкімен келіссөздер жүргіздік, енді біздің қызметкерлер төмендетілген ипотека алады. Жақсы жаңалықпен бөлігісуге асықтым. Келіссөздер сәтті өтіп, жақын арада қызметкерлер 10% бастапқы жарнамен банк арқылы баспана ала алады. Бұл жағдайда несие мен мөлшерлемесі жылдық 10% болады. Несие мерзімі 6 айдан 20 жылға дейін. Бір ерекшелігі, ұйымдастыру бойында комиссия жоқ, - дейді «Азаматтарға арнаған үкімет» мемлекеттік мекемесінің басшысы Сүйеніш Әбділдин.
Сондай-ақ, ол мемлекеттік корпорация қызметкерлері жалақысына қаңтарда- 50%, шілдеде - 25% өсім алғанын айтты.
— Біз қызметкерлердің жалақысын көтердік, ипотекалық несие алудың шарттарын ойластырдық. Бірақ біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Өйткені, адам капиталы елдің экономикалық өсуі мен тиімді жұмыс істеуінің ең маңызды факторы. Жақын арада Мемлекеттік корпорация азық-түлік дүкендерінде, дәріханалар желілерінде, спорттық-сауықтыру орталықтарында және т.б. қызметкерлерге адалдық жүйесін енгізуді жоспарлап отыр, - дейді ол.
Қазір мемлекеттік корпорацияда 22 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. Бұл 20 филиал, 328 фронт және 442 бэк-офис, 68 жылжымалы халыққа қызмет көрсету орталығы бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық