«Азаматтарға арналған үкімет» мекемесі филиалының директоры ұсталды
Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
«Азаматтарға арналған үкімет» филиалының директоры ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz. ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылғы 27 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп және облыс прокуратурасының келісуімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының директорын ұстады.
«Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі («Аса ірі мөлшерде пара алу») бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінді. Ұсталған азамат Семей қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды» деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.
Еске салайық, 2022 жылдың соңында Антикор Астана қаласы прокуратурасымен бірлесіп, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ қызметкерлері мен басқа да тұлғалардан құралған ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетінің жолын кесу туралы хабарлаған болатын. Қылмыскерлер шетелден әкелінген көліктерді алымсыз, заңсыз тіркеумен айналысқан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық