Азамат Сатыбалды Жүргенов өнер академиясының ректоры болып тағайындалды
Фото: Ашық дереккөзден
Азамат Сатыбалды Алматы қаласындағы Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды.
Қуанышты хабармен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы бөлісті.
«Құрметті достар, танымал кино және театр актері, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалдыны Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалуымен шын жүректен құттықтаймын!
Өнер адамының тағдыры ерекше!
Қалың көрермен қауым Азаматты театр және кино өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген дарыны ерекше өнер иесі ретінде таниды.
Стивен Кингтің «Табысты адам мен талантты адамның жалғыз айырмашылығы – ерінбей еңбек етуінде» деген керемет сөзі бар.
Біліктілігі мен білімін, іскерлігі мен жігерін орайлы ұштастыра білген Азаматтың қазақ өнерінің болашақтағы бет-бейнесін қалыптастыратын нағыз кәсіби мамандар дайындау бағытында барлық қарым-қабілетін жұмсайтынына сенімім мол.Азамат Сатыбалдыұлын жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтай отырып, алдағы қызметіне сəттілік және табыс тілеймін!» деді ол.
Еске салсақ, бүгін Азамат Сатыбалдының Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының директоры қызметінен кеткен.
Ол бұл қызметті 2018 жылдан бері атқарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық