Азамат Сатыбалды Қазақфильм басшысы болып тағайындалды
Актёр Азамат Сатыбалды Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті болып тағайындалды.
Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Киностудияның жаңа басшысын мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов таныстырды. Ол «Қазақфильм» киностудиясының жұмысын үйлестіру маңызды да жауапты міндет екенін атап өтті.
«Мемлекет басшысының киностудия жұмысын жаңғырту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында 87 бірлік техникалық құрал сатып алынды. Жақын арада жаңғыртудың 2-ші кезеңін бастау қажет»деді Асхат Оралов.
Сондай-ақ, Асхат Оралов министрлік 2030 жылға қарай анимацияны қоса алғанда, жалпы кинопрокаттағы отандық фильмдердің үлесін 35 пайызға жеткізуді көздеп отырғанын айтты. Бұл ретте қазақ тіліндегі фильмдердің кассадағы үлесін 30 пайызға жеткізу мақсаты тұр. Министр жаңа басшы мен киностудия ұжымына табыс тілеп, табысты жұмыс болатынына сенім білдірді.
Еске салсақ, бұған дейін Азамат Сатыбалды Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ректоры қызметін атқарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық