«AZAL апатынан кейін»: Енді Uzbekistan Airways ұшақтары Ресейді айналып ұшады
Фото: Pixabay
Uzbekistan Airways әуе компаниясы Еуропа бағытындағы рейстерінің маршруттарын Еуропалық әуе қауіпсіздігі агенттігінің (EASA) есебіне байланысты өзгертіп, енді Ресейдің әуе кеңістігін айналып өтетін болады, деп хабарлайды Orda.kz.
Жаңа маршруттар Әзербайжан мен Түркия арқылы ұшып жатыр.
Gazeta.uz мәліметіне қарасақ, 20 қаңтардан бастап Uzbekistan Airways әуе компаниясының ұшақтары Еуропа елдеріне жаңа бағытпен ұша бастаған. Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Шухрат Худайкулов сейсенбі күні өткізген баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл шешім Ресейдің еуропалық бөлігінің әуе кеңістігіндегі ұшулардың қауіпсіздігі туралы Еуропалық әуе қауіпсіздігі агенттігінің (EASA) жақында берген есебіне негізделген. Енді Uzbekistan Airways әуе компаниясының рейстері Әзербайжан мен Түркия арқылы оңтүстікке қарай ұшатын болады.
«Әрине, бұл рейс уақытын бір бағытта 30-40 минутқа ұзарту компанияны шығындарға ұшыратады. Дегенмен, біз тарифтерді көтерген жоқпыз, өйткені бұл форс-мажор жағдайы және жолаушы оған жауапты болмауы тиіс», деп атап өтті әуе компаниясының өкілдері.
Шухрат Худайкулов компанияның ұшу басқару орталығы әуе кеңістігіндегі жағдайды үнемі бақылауда ұстап отырғанын айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық