AZAL апаты: Стенограмма Ресейдің аспандағы қылмысын растай ма?
Фото: Orda.kz
AZAL әуе рейсінің Ақтау маңында болған апатын зерттеу жалғасуда және жаңа «ақпараттар» пайда болуда. Мәселен, ресейлік BAZA Telegram-арнасы ұшақтағы дыбыс жазу құрылғысынан алынған жазбаның мәтінін жариялады – бұл ұшқыштардың соңғы сәттерде жүргізген әңгімесінің стенограммасын әзірбайжандық БАҚ талдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Minval.az мәлімдемесі бойынша бұл стенограмманың мазмұны кәсіби мамандар үшін түсінікті екенін ескерген жөн.
Жарияланған стенограмма
Стенограмма Мәскеу уақыты бойынша 7:36:57-де басталады. Ұшақ экипажы Грозный диспетчерлерімен әдеттегі жұмыс әңгімелерін жүргізіп отырған. Сағат 8:16 кезінде экипаж диспетчерге хабарлайды: «Грозный, басқару істемей қалды. Кабинада құс соғылды, содан кейін кабинадағы екі орын жарылды».
Осыдан кейін Ростов орталығымен әңгімелері жалғасады. Экипаж апатты жағдайда қону нұсқаларын талқылайды: Минералды су, Махачкала, Баку қаласына қайта оралу, қону алаңында өрт сөндіру және медициналық көмек көрсету топтарын күтіп алу қажеттілігі туралы айтады. Себебі ұшақтың гидравликалық жүйесі жұмыс істемей қалған.
Ростов әуе қозғалысын басқару орталығымен сағат 8:52:46 кезінде болған әңгімеде экипаж былай дейді:
«Жағдай мынадай: жолаушылар кабинасындағы оттегі таусылуға жақын. Қисынды түрде, онда оттегі баллоны жарылды. Сонымен қатар жанармай иісі шығып, кейбір жолаушылар есінен танып жатыр».
Жарияланған стенограммадан туындайтын сұрақтар
Экипаж кабинада құстар соғылғанын және газ балоны жарылғанын алғаш рет өзі айтқандай көрінеді. Осы ақпарат негізінде ресейлік құрылымдар, соның ішінде «Росавиация», бұл нұсқаларды растайтын мәліметт таратқан.
«Енді назар аударайық: егер бұл стенограммалар жауапкершіліктен жалтару әрекеті болса, онда ол өте нәтижесіз құралдармен жасалған. Стенограмма жарияланғаннан кейін анықталғаны – Ресей аспанында қылмыс жасалды» деп жариялаған әзірбайжандық БАҚ.
Ұшақ экипажы ешқандай ескерту алмаған
Жазбадан белгілі болғандай, Грозныйда да, Ростовта да ешкім ұшқыштарға украиндық дрондардың шабуылы қайтарылып жатқанын, навигация мен GPS өшірілгенін, ең бастысы, әуе қорғаныс жүйесінің (ӘҚЖ) іске қаосылғанын айтпаған. Экипаж бұл туралы хабарсыз болды!
Халықаралық стандарттардың сақталмауы
ИКАО (Халықаралық азаматтық авиация ұйымы) ережелеріне сәйкес, жердегі әуе қорғаныс жүйесі жұмыс істеген кезде жергілікті билік міндетті түрде аспанды жабуы тиіс. Алайда, Грозный мен Ростов орталықтарының диспетчерлері бұл талаптарды орындамаған.
Ресей тарапының жауапкершілігі
Экипаж алғашқы минуттарда құстар мен газ балоны туралы болжам айтқанымен, азаматтық ұшқыштардың зениттік зымыранмен шабуылға ұшыраймыз деген ойға келуі мүмкін емес еді. Ал «Росавиация» қызметкерлері бұл мәліметтерді таратқан кезде, зымыран шабуылы болғанын білетін.
«Бұл стенограмма – Әзірбайжанның Ресейге қойған талаптарының негізділігін дәлелдейтін тағы бір айғақ. Әзірбайжан Ресейден өзінің кінәсін мойындауды, ашық тергеу жүргізуді және кінәлілерді жазалауды, сондай-ақ қайтыс болғандардың отбасыларына өтемақы төлеуді талап етуде» деп мәлімдеді Әзірбайжандық БАҚ.
Жаңалықтар
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды