Қазақ журналистикасы құнды еңбекпен толықты
Хабар24
21 қаңтарда Нұр-Сұлтанда ақпарат тарату саласына үлкен үлес қосқан Намазалы Омашевтың еңбегі жарыққа шықты. Бұл туралы Хабар24 хабарлады.
Аталған іс-шараға ғалымның түлектері мен замандастары қатысты. Кітап үш томнан тұрады. Жинақта қайраткердің публицистикалық шығармалары, ғылыми зерттеулері және мақалалары топтастырылған.
Н.Омашев – танымал публицист, оның мақалалары республикалық газет-журналдарда жарық көріп тұрады, радио және телебағдарламаларға жиі қатысады. Публицистің қаламынан туған жолсапар және портреттік очерктері мен түрлі эсселері, ғылыми-танымдық мақалалары мен деректі фельетондары оның шығармашылық дарыны мен публицистік шеберлігін айғақтайды.
Еске салсақ, Намазалы Омашев – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде журналистика факультетінде маман даярлауға үлес зор қосқан тұлға.
Н.Омашев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетіне басшылық жасаған жеті жылдың ішінде факультет халықаралық деңгейге көтерілді. Факультет республикадағы барлық БАҚ-тарға журналист мамандар даярлайтын нағыз ұстаханаға айналды. Жеті кафедрада 80-ге жуық профессорлар мен оқытушылар қызмет атқарды. Факультетте радио-теле-фотостудия, компьютерлік класс, шағын баспахана, пароболистикалық антенна орнатылған ЮНЕСКО кафедрасы жұмыс істеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық