Қазақ жігіті Африка халқына құдық қазып берді
Қазақстандық кәсіпкер Елдос Айбеков Африка құрлығындағы ауызсуға мұқтаж халыққа құдық қазып берді.
Қазақстан атынан сыйға тартылған құдық Уганда мемлекетіндегі Наноко елді мекенінде орналасқан. Уганданың The Ngali Development Foundation (Нгали дамыту қоры) компаниясымен байланыс орнап, нәтижесінде құдық қазу үшін екіжақты келісімге келген.


Құдықтың құрылысы ақпан айында басталып, наурыздың 12 күні аяқталды. 13 наурызда ашылу салтанаты ұйымдастырылып, жергілікті тұрғындар қазақстандықтарға алғыстарын білдірді.
- Біз таза суға қол жеткізе алмай отырған ауыл тұрғындарымыз. Қарапайым тұрмыс кешеміз. Азын-аулақ ешкі ұстаймыз. Қазір суды 5 шақырым жердегі өзеннен тасып ішіп отырмыз. Ол әрине таза су емес. Мұның бәрін балаларымыз тасып әкеледі. Мотоцикл, велосипеді бар адамдар сирек. Көбіне жаяу тасимыз. Балалардың қалай қуанғанын көрдіңіз бе?! Олардың қуанышын көріп, біз де ерекше қуанып тұрмыз. Елдос мырзаға көп рақмет. Біз Қазақстан деген мемлекет жайлы мүлде білмейтін едік. Осы жағдайдан кейін ешқашан ұмытпастай болдық. Қазір болған қуанышты көрген балалар Қазақстанды, көк туларыңызды мәңгі жадында сақтап қалары анық. Қазақстанға сәлем, - деді Наноко тұрғыны Соока Шариф.
Кәсіпкердің айтуынша, құдық қазуға қатысты екі таңдау болған.
- Құдық қазуға қатысты бізде екі таңдау болды. Бірі – Уганда, екіншісі – Кения. Екеуі де Шығыс Африкада орналасқан. Алғашында құдықты Кениядан қазамыз деп ойладық. Өйткені, Кениядағы қызметтің бағасы Угандаға қарағанда арзан болды. Кейін қос мемлекетке анализ жасап, Уганданың ЖІӨ-сі Кениядан 3 есе төмен екенін көрдік. Ойлана келе, құдықты таза суға шын мұқтаж халыққа қазып берейік деген қорытындыға келдік. Бүгін құдығымызды қолданысқа бердік. Тұрғындардың, балалардың қуанышын көріп ерекше толқынысты күй кештім. Бұл жобамыз Қазақстан мен Уганда мемлекеттерінің арасындағы байланысты нығайта түседі деген сенімдеміз, - деді ол.
Қайырымдылық шараға қолдау көрсету мақсатында қазақстандық саяхатшы-блогер Яков Федоров та барды. 65 мемлекетті аралаған саяхатшы бұл жолғы сапардың әсері бөлек екенін айтты.
Айта кетейік, Елдос Айбеков ТМД бизнес нарығында 15 жылға жуық кәсіппен айналысып келеді. Ол осы уақытқа дейін жалпы құны 15 млн тұратын ДЦП-науқастарына арналған аппараттарды тегін таратқан. Ай сайын әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік, материалдық, қаржылық көмек көрсетеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық