Қазақ қызы Қытай студенттері арасынан үздік болып танылды
Үш ай бұрын Қытайдың Президенттік стипендиасын иеленген қазақ қызы енді үздік студент атанып отыр. Бұл туралы ол өзі әлеуметтік желідегі парақшасында сүйіншілей жариялады.
Мақтанышқа ие болып отырған Жаннұр Ниязбекова1990 жылы Қызылорда облысында туған. Ол бүгінде Қытайдағы солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің (Northwest A&F University) ветеринарлық медицина мамандығы бойынша докторантурада оқып жатыр.
Әлемдегі ең халқы көп елдер санатына жататын мемлекетте үздік атану екінің бірінің қолынан келе бермейтіні анық. Мұндай жоғары дәрежеге жетудің қиын екенін ол өзі де мойындайды. Парақшасында жетістігінің көп еңбектің нәтижесі екенін де жазды.
– Мен Қытайға алғаш келгенде Пәкістаннан келген бір жігіт осы атақты алды. Сол кезде мен қазақстандық студенттерден мұндай сыйлықты ешкім алмағанын естідім. Екі жылдан кейін міндетті түрде бірінші боламын деп шештім. Бұл бүкіл қазақ халқының жеңісі! Туған жеріме рақмет, деп жазды Жаннұр.
Университеттен елдегі үздік студент атағына жеті адам ұсынылған. Олардың екеуі, яғни Жаннұр мен Бангладештен келген студент жеңіске жетті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық