Қазақтың жас ғалымы коронавирус экспресс тестін ойлап тапты
Қазақ ғалымы, PhD, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Болат Сұлтанқұлов COVID-19 індетін жылдам анықтайтын тест ойлап тапты. Экспресс тест зертханалық сынақтан сәтті өтті, енді клиникалық сынақ өткізу керек.
Жас ғалымның айтуынша, оған осы ой пандемия өршіп, індеттен адамдар қайтыс бола бастағанда келген. Сол уақыттарда ПТР тесттің нәтижесін ұзақ күту керек болатын. Салдарынан індет өрши түсті. Коронавирус індетін анықтайтын экспресс тесті әзірлеуге оның 6 ай уақыты кеткен. Ол тесті сала ғалымдарының кеңесіне сүйеніп, әзірлегенін айтты.
«Бұрын нанодене технологиясы туралы білетінмін, сол технологияны табу мақсатында шетелдік ғалымдармен пікір алмастым. Олардың қатарында Израиль, АҚШ, Иран, Швейцария ғалымдары бар. Соның ішінде швейцариялық ғалымдар сұрауымды қанағаттандырып, коронавирусқа қарсы нанодене технологиясын жіберді. Сол технологияны қолданып, індетті жылдам анықтайтын тест ойлап шығардым», - дейді Болат Сұлтанқұлов.
Ғалымның сөзінше, тест барлық жастағы адамдарға қауіпсіз. Тест сынамасына адамның сілекейі қолданылады. Тест коронавирус симптомы байқалған уақыттан бастап 7 күннің ішінде анықтайды. Болат ойлап тапқан тест ПТР және анти дене тесттеріне қарағанда арзан. Болаттың жаңалығына Назарбаев университеті қаржылай грант бөлді. Енді экспресс тестті нарыққа шығармас бұрын сараптамадан және сапасын дәлелдейтін тексерістен өткізу керек.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық