«Қазақтың беташарын бұзбаңдар»: Әншіге ескерту жасаған жігіт көпшілікті тәнті етті
Әлеуметтік желіде концерт кезінде сахнаға шығып, әншіге ескерту жасаған азамат көпшіліктің қолдауына ие болды. Ол заманауи әндер арқылы келіндердің бетін ашып жүрген жайдарманшы әрі асаба Қабдол Тілековке ескерту жасады.
Оның айтуынша, жастарға дұрыс тәрбие беру керек. Сондай-ақ, беташар дәстүрін өзгертпеу керектігін жеткізді.
– Қазақтың өнерін өзгертуге қарсы азаматпын. Өзгертпеңдер ешқашан. Сені беташар тойда көрдім. Беташарды әртүрлі әнге салып жатсыңдар, өзіміздің Біржан салдың өлеңдерін пайдаланыңдар. Әнін өзгертсеңдер де дәстүрін бұзбаңдар. Сендерді жастар көріп отыр, - деді сахнаға шыққан азамат.
Бейнежазбаға пікір білдіргендер екіге бөлінген. Көпшілік бұл сынның дұрыс екенін айтты, кейбіреуі беташардың әнін өзгерткенде тұрған ештеңе жоқ деп санайды.
Беташар – қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген. Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. Беташардың тәрбиелік мәні зор болғандықтан, келіншектің екі жағына тұратын әйелдер жесір, жеңілтек, т.б. болмауы қатаң ескеріледі. Орамалдың теңге түйілген ұшын домбыраның мойнына не таяқтың ұшына байлап, жырау беташар жырын бастайды. Ол шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке-жеке сәлем жасатады. Сәлем алған адам жас келінге беретін сый-сыяпатын атайды.
Жаңалықтар
- Алматыдағы электр өшуіне Канье Уэсттің қатысы жоқ – Энергетика министрлігі
- Атырау МӨЗ-де өрт шықты
- Арменияда экс-президент Роберт Кочарян мен оның ұлы ұсталды
- ОСК қорытындысы: Ең көп мандатты «Әділет» партиясы иеленді
- Башар Асад режимінің бұрынғы мүфтиі өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Қазақстанда көмір тапшылығы болмауы үшін үкімет ЖИ-ге жүгінеді
- «Сұңқар» трамплиндері ісі: Алматы соты Ерлан Сариевті ақтады
- «Қалқаман» метро станциясы қашан ашылатыны белгілі болды
- Шымкентте спорт шеберін азаптап өлтірді деген алты адамның соты басталды
- Ұлттық экономика министрі 2029 жылға дейін болжам жасады
- Атырау облысында ер адам жүкті әйелін аяусыз соққыға жыққан
- ШҚО-да 13 жастағы қыз байлаулы аттың арқанына соғылып, қаза тапты
- Қазақстанда электрсамокатшыларға заң күшейді: Енді тротуарда жүруге болмайды
- Қостанайда енесі мен келіні жанжалдасты: Іске полиция араласты
- Тоқаев ақын Марфуға Айтқожаны 90 жасқа толуымен құттықтады
- Жаһандық жылыну: Дүниежүзілік мұхит температурасы 50 жыл бұрынғы рекордтан асып кетті
- ЕҚЫҰ Қазақстандағы сайлауды бақылаудың алғашқы қорытындысын жариялады
- Құрылтай сайлауынан кейін бірқатар елдің басшылары Тоқаевқа лебіздерін білдірді
- Тоқаев Украина президентін Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады
- 150 мың SMS-бластер: Алаяқтар сүзгілеу жүйелерін айналып өтудің жолын тапқан