Қазақтың белгілі тарихшысы Талас Омарбеков қайтыс болды
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков 73 жасында дүниеден өтті. Тарихшының қайтыс болғанын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым хабарлады.
– Алматыдан суыт хабар келіп жатыр... Қазақтың аса көрнекті тарихшысы, қоғам қайраткері, ұстазымыз Талас Омарбеков ағамыз дүниеден озыпты. Төбемізден жай түскендей болдық... Қош болыңыз, аға! - деп жазды Айдос Сарым Facebook парақшасында.
Талас Омарбеков 1948 жылы 29 мамырда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1971 жылы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1980-2001 жылдары университеттер мен тарихи институттарда ғылыми-педагогикалық және шығармашылық қызметпен айналысты.
2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихы кафедрасын басқарды. Талас Омарбеков – Қазақстан тарихының өзекті мәселелеріне арналған жеті монография мен 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің екі рет «Құрмет грамотасымен» марапатталған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық