Қазақтелеком тұтынушылары компания қызметіне наразы
«Қазақтелеком»-ның қызмет сапасына ашулы алматылықтар сотқа бермекші, себебі компания интернетті пайдаланбаған тұтынушыларына негізсіз түбіртек жіберуін тоқтатпаған, деп хабарлайды Orda.kz. Информбюроға сілтеме жасап.
Өтініштердің тым ұзақ қаралатынын да «Қазақтелеком» жоққа шығарып, тұтынушыдан келген әр өтінішті сол күннен қалдырмай қарастырамыз дейді.
Әсел Әшімова осыдан 4 ай бұрын үйдегі интернетті өшіру үшін «Қазақтелеком» сайтына өтініш қалдырған. Соған қарамастан, компания ай сайынғы төлемді жасаңыз деп үздіксіз хабарлама жіберуін тоқтатпады деп отыр. Кері байланысқа шықпайтын компанияға тұтынушы өзі барған, менеджерлер уақытында төлем жасамағаны үшін өсімпұлды да қоса төлеуге міндеттепті.
— Модемді тапсырып кетейін десем, қабылдамайды. Сондағы біздің 3 ай қолданбағанымыз үшін 24 мың теңге шыққан. Соны төлеу керексіз дейді. Мен не үшін төлеймін, егер менде сигнал болмаса? Олар онда сот арқылы төлеуге мәжбүр боласыз деді, - дейді Алматы қаласының тұрғыны.
Ал Айзада Ердәулетқызы «Кселл» компаниясы арқылы ұялы телефонды бөліп төлеуді рәсімдеу арқылы, актив желісін 1 жыл тегін пайдалануға келіскен. Бірақ қаланың Бостандық ауданында тұратын оның үйінде интернет мүлдем ұстамайтын болып шыққан. Компанияға оның шағымын әлі бір ай қарастырамыз депті.
— Ол жақта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, интернет желісі ұстамайды деген жауап болса, онда сіз келісім шартты бұза аласыз деген жауап келді маған. Ал егер оларда интернет желісі жақсы жұмыс істейді деген сараптама болса, онда мен ешнәрсе істей алмайды екенмін. Ал компания бір ай емес, бір-ақ күннің ішінде тілшілерге бұл ауданда ешқандай желілік ақау жоқ деп жауап берді, - дейді Алматы қаласының тұрғыны Айзада Мұзарап.
Сарапшы Владимир Төреханов интернет сапасының көп қабатты ғимарат ішінде нашар ұстауына, өзге де фактор әсер етуі мүмкін дейді.
— Ғимарат ішінде интернеттің нашар ұстауына сол нысанның жанына салынған өзге де биік ғимараттар әсер етуі мүмкін. Оған ғимараттың қабырғасы мен терезесінің сапасы да айтарлықтай әсер етеді. Егер үйде желі жөнді ұстамай, аулада жақсы қосылса, онда компанияның кінәсі жоқ, - дейді Қазақстандық автоматтандыру және роботты техника қауымдастығының президенті Владимир Төреханов.
Айзада Мұзарап интернеттің сыртта да, яғни өзі тұратын көшеде де мүлдем ұстамайтынын айтып отыр. Ал Әсел Әшімованың неліктен сайт арқылы жіберген өтініші қабылданбағаны белгісіз.
«Қазақтелеком» мамандары өтініш абоненттен түскен күні қарауға қабылданады деп отыр. Әбден әбігерге түскен қос тұтынушы енді пайдаланбаған интернет үшін компания ақы сұрауын доғармаса, соттасуға дейін барамыз дейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық