«Қазақтелеком» Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімшартты бұзды
Коллаж Orda.kz
«Қазақтелеком» АҚ Елбасының кенже қызы Әлия Назарбаеваға тиесілі Instant Payments ЖШС-мен ынтымақтастығын тоқтатты. Компания бұл шешімнің абоненттерге әсер етпейтініне сендірді.
«Қазақтелеком» келісім-шартты бұзу туралы алғаш рет сәуір айының басында айтты. Ынтымақтастық 2022 жылдың бірінші жартысында аяқталады деп жоспарланған болатын. Orda.kz тілшісі келісім-шарттың қалай жүріп жатқанын білуді жөн көрді.
«Instant Payments» ЖШС-мен келісім 2022 жылдың 27 мамырынан бастап бұзылды, бұл туралы хабарлама 2022 жылдың 25 ақпанында бұзу күнінен 3 ай бұрын жіберілді» делінген Оrda.kz редакциясы сауалына жауабында.
«Қазақтелеком» Әлия Назарбаеваның компаниясымен ынтымақтастықтың тоқтатылуы абоненттерге ешқандай әсер етпейтініне сендірді. Өйткені ұлттық компания банктермен және төлем және қаржылық қызметтерді жеткізушілермен жұмыс істеуді бастап кеткен. Мұнда келісім шарттарына сәйкес абоненттерден комиссия алынбайды. Жаңа жеткізушілермен келісім-шарттар да осылай жасалады.
«Қазақтелеком» заманауи пайдаланушының талаптарына жауап беретін жаңа буын терминалдарын орнату мәселесімен айналысуда. Бұрын пошта бөлімшелерінде орнатылған терминалдар моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген. Оларды одан әрі күтіп ұстау экономикалық тұрғыдан мүмкін емес, осыған байланысты компания өз терминалдар желісі бар контрагенттермен келісім жасасуды жоспарлап отыр» деп түсіндірді Қазақтелеком.
Айта кетсек, ҚТЖ Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімшартты әлі бұзған жоқ. Оның үстіне 1 мамырдан бастап агрегаторлық компаниялар үшін комиссия әрбір теміржол билетіне 46,65 теңгеге дейін өсті.
Orda.kz редакциясының сұрауы бойынша ҚТЖ INSTANT PAYMENTS мен агрегаторлық компаниялардың ынтымақтастығы акционерлік қоғамның бақылауында емес екенін хабарлады. Бірақ комиссияның көтерілуі дәл ҚТЖ-мен байланысты болды.
«Жол жүру құжаттарын (билеттерді) беру және сату саласында жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін экономикалық тұрақтылықты сақтау мақсатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы инфляция деңгейін ескере отырып, тарифті 5%-ға көтеру туралы шешім қабылдады» деді компания.
Orda.kz редакциясы келісім-шартты бұзудың жай-жапсарын білу үшін ҚТЖ-ға сауал жолдағанымен, жарияланған уақытта одан жауап алмады.
Instant Payments ЖШС туралы не белгілі
Әлия Назарбаева «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Қазақтелеком» АҚ-ға делдалдық қызмет көрсететін «Instant Payments» ЖШС құрды. Елбасының қызының компаниясы интернетте пойыз билеттерін сату жүйесіне қызмет көрсетуді жалғастыруда және ұлттық байланыс операторынан төлемдер қабылдайды.
Сайттың мәліметінше, INSTANT PAYMENTS «Қазақтелеком» төлем жүйесінің операторы болған. Ол абоненттерге Қазақстандағы 18 000-нан астам сауда нүктелеріне онлайн режимде қол жеткізуге мүмкіндік берді.
INSTANT PAYMENTS пойыз билеттерін сату үшін ҚТЖ мен агрегаторлық компаниялардан алатын өзінің тұрақты комиссиясын белгіледі. Қазір агрегаторлар әр билет үшін 44,8 теңге төлейді. Ақпанның 1-інен бастап Әлия Назарбаеваның ЖШС-і комиссияны 67 теңгеге дейін көтеруді жоспарлаған болатын.
ҚТЖ мен INSTANT PAYMENTS арасындағы келісім 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін тоғыз жылға жасалды. Ақпан айының басында компаниялар жолаушылар пойыздарына электронды жол жүру құжаттарын беру мен сатуды ұйымдастыру бойынша келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.
8 сәуірде INSTANT PAYMENTS әлі де онлайн билеттерді сататын агрегаторлық компаниялар үшін комиссияны көтеретіні белгілі болды. 2022 жылдың 1 мамырынан бастап олар әр пойыз билеті үшін 46,65 теңге төлейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық