Қазақтарды елден кетуге шақырған адам ұсталды
Жезқазған қаласында қазақтарға дөрекі түрде өз елінен кетуді ұсынған азамат ұсталды.
Толығырақ Orda.kz сайтында.
— Полиция қызметкерлері 26 сәуірде әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында ҚР ҚК-нің 174-бабында (ұлттық араздықты қоздыру) көзделген қылмыс құрамының белгілері байқалған ер адамның бейнежазбасын тапты. Полиция қызметкерлері видео авторы – Жезқазған қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде бейне хабарлама тараған болатын. Онда әскери камуфляждағы ер адам қазақтардан Қазақстанан кетуді талап еткен болатын. Бейне кейіпкері қазақтарға қатысты ұсынысын өте дөрекі сөздермен тұздықтап отырды.
— Мен желіге тарап кеткен видео үшін кешірім сұраймын. Мұны ойланбай жасадым. Видео ғаламтор желісінде тарап кеткенін қаламадым. Сіздерден кешірім өтінемін. Менің қазақ достарым бар, біз бір-бірімізді құрметтейміз, бір-бірімізге қысым жасамаймыз. Кешірім сұраймын, - деді полиция ұсынған жаңа видеода жанжалды роликтің авторы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық