«Қазақтар сені сатып кетті»: Әсел Айтпаева ісіндегі жаңа мәліметтер
Грузияда қайтыс болған 26 жастағы қазақстандық бойжеткеннің әкесі полицияға арыз жазды, осылайша олардың туысы Мұрат Мейрбеков жауапқа тартылатын болды.
Бұл туралы марқұмның ағасы Orda.kz тілшісіне айтты.
12 мамырда Әселдің денесі туыстарына тапсырылды. Қыз Қабанбай батыр атындағы туған ауылында жерленеді. Ауыл Нұр-Сұлтаннан жарты сағаттық жерде орналасқан.
Ауыл тұрғындары Айтпаевтар отбасындағы қайғылы жағдай туралы біледі.
– Сіздер мәйітті әкелдіңіздер ме? - деп сұрады олар журналистен. «Көңіл айтуым керек еді». Олар ары қарай сұрамады, «барлығын YouTube-тен көріп алған».
Мәйітті әкесінің үйіне жеткізді. Көршілері, достары мен туыстары көңіл айтуға келді. Әселдің артында ата-анасы, үлкен әпкесі және он алты жастағы мектепте оқитын інісі қалды.
Бізді қарсы алуға Әселдің немере сіңлісі Айман Айтпаева шықты. Грузияға кетер алдында марқұм онымен Нұр-Сұлтанда бірге тұрған.
Көңілді, тәкаппар, батыл, тіке сөйлейтін Әсел өтірікке төзбейтін, ол сәл «еркекшоралау» болатын, - деп еске алды Айман. Тұрмысқа шығып, бала сүйгісі келді.
Ол елордалық фитнес-клубта жұмыс істеді.
– Әрқашан биіктен көрінуге тырысатын. Бастық болып, шетел асып, өмір көргісі келді. Сол кезде аяқ-астынан осындай мүмкіндік пайда болып, туысы шетелге шақырды! Сондықтан ол Грузияға баруға бірден келісті. Ал жұмыс ұсынған сыныптасы да туысымыз.
Мұрат ол жақтағы жұмысқа орыс тілді, пысық қыз керек деді. Біз екі күн құжаттарды жинадық. Шақырушы тарап оған ақша жіберіп, 27 сәуірде Әсел жолға шықты. 5 мамырда біз одан айрылып қалдық, - дейді Айман Айтпаева.
Туыстары сол екі апта ішінде Әселдің қандай жағдайда болғанын нақты білмейді. Олар адам шошырлық мәліметтерді кейінірек білді. Нұсқалардың біріне сәйкес, Әсел Мұрат Мейрбековпен бірге Рустави қаласында тұрған. Мұрат оны екі күн қорлап, зорлық көрсетіп, артынша досына сатып жіберген.
– Грузиялық Бесо Әселмен сөйлесіп тұрған аудиожазбада ер адам «Қазақтар сені сатып кетті» деп айтады. Толық мәліметтер Грузияда тексеріліп жатыр. Қазір жаңа жағдайлар анықталуда. Бізге бір қыз хабарласып, Мұрат оған да Грузияда жұмыс ұсынғанын айтты, бірақ ол бас тартқан, - деді туысы.
Мейрбеков Грузиядан қайтып кеткен, ол Қазақстанда болуы мүмкін. Әсел Айтпаеваның туыстары оның қазіргі орналасқан жері туралы білмейді. Ер адам олармен байланысқа шығып, мән-жайды түсіндіруге немесе кешірім сұрауға тырыспады.
– Мұраттың ата-анасы келгісі келді, бірақ біз оларды көргіміз келмейтін жағдайға жеттік. Мұрат бізге алыс туыс, неге оны жақын туысы деп жазатындарын түсінбедім. Ол оңтүстіктен. Мұрат пен оның әйелі Нұр-Сұлтанда тұрады, ал олардың туыстары осы ауылда, - деді Әсел Айтпаеваның бауыры Мадияр Айтпаев.
Алдымен туыстары қайғылы оқиғаға Мейірбековті кінәлайды. Әселдің әкесі Мұратты «жазасыз қала ма» деп қорқып, полицияға арыз жазды. Марқұмның туыстары Мейрбековті Грузияға депортациялауды талап етуде.
Авторы: Аделаида Ауеспекова
Аударған: Айнұр Дәрібаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық