Қазақстанның ЖОО-да 2022-2023 оқу жылына арналған білім гранттарының тізімі жарияланды
Фото: ашық дереккөзден
2022-2023 оқу жылына жоғары білім берудің барлық деңгейлері үшін білім беру гранттарын бөлу тізімі жарияланды, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
2022-2023 оқу жылында бакалавриатқа қабылдау үшін шамамен 73 мың грант бөлінді.
Ең көп грантты «Машина жасау, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс индустриясы» білім беру бағдарламалары тобы алды, олардың саны 17 794 грант. Одан әрі «Педагогикалық ғылымдар» – 10 810 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» – 9 103 грант, «Жаратылыстану-математика және статистика» – 6 288 грант. Техникалық салаларға ерекше назар аударылды, онда мемлекеттік тапсырыстардың үлесі 60%-ға дейін ұлғайтылды.
Халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларға арналған квоталар саны ұлғайтылды. Көп балалы немесе толық емес отбасылардың балалары, сондай-ақ отбасында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған үміткерлер грант алу мүмкіндігіне ие болады.
Биыл мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алғаш рет білім беру грантының жаңа түрі – «Халықтың тығыз орналасқан және батыс өңірлері жастарының жетекші жоғары оқу орындарында оқуға арналған мақсатты білім гранты» анықталды. Атырау және Маңғыстау облыстарынан 10 мың талапкер жоғары оқу орындарында оқуға мақсатты грантқа ие болады. «Атырау-Маңғыстау нысанасы» гранты бойынша конкурсқа биылғы мектеп түлектері қатыса алады. Бұл ретте олар бір мезгілде жалпы конкурсқа, оның ішінде «Серпін» бағдарламасы бойынша қатыса алмайды.
Магистратураға түсуге 13 мыңнан астам грант, докторантураға түсуге 1800-ден астам грант бөлінген.
2022-2023 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлудің толық тізімі ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында келесі сілтемелер бойынша жарияланған:
Бакалавриат http://testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=5115
Магистратура http://testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=5117
Докторантура http://testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/?ELEMENT_ID=5119
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық