Қазақстанның Украинадағы елшісі шұғыл мәлімдеме жасады
Фото: Ашық дереккөзден
Қазақстанның Украинадағы және Молдова республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Қалетаев шұғыл мәлімдеме жасады.
Ол Информбюро бағдарламасына берген сұхбатында, елдегі жағдай тұрақты екенін айтты. Алайда, соғыс басталғандықтан, елдегі экономика құлдырай бастаған.
«Украинада болып жатқан жағдайды өздеріңіз көріп, біліп отырсыздар. Бұл мәселелер Украина экономикасына өте күрделі өзгерістер енгізіп жатыр. Бүгінгі таңда, әрине, халықтың көңіл-күйі түсіп кеткен. Біреу үйіңізге есікті теуіп кіріп жатса, қандай сезімде болар едіңіз» деді Дархан Қалетаев.
Оның айтуынша, Киевте қазір тыныш. Елші «Соғыс болып жатыр» деген бос сөз деп сендірді. Украинада қазір екі мың қазақстандық тіркеуде тұр.
«Олардың бәрімен тікелей хабардамыз. Қауіп төнген жағдайда қалай жұмыс істеуіміз керек екені жөнінде жоспарымыз бар. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігімен бұл мәселе келісілген. Әрине, ең бастысы – әуе жолы. Қазір ғана Air Astana әуе компаниясының басшылығымен тікелей телефон арқылы келіссөз жүргіздім. Қалай жұмыс істеуіміз керек екені жөнінде толық түсінік бар. Егер әуе жолы жабылса, басқа да жолдар бар» деді Қалетаев.
Еске салсақ, бұған дейін Украинаның сыртқы істер министрі Ресейдің бұрынғы Кеңес Одағын құруға тырысып жатқанын мәлімдеген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық