Қазақстанның төрт облысында жолдар жабылды
Қазақстанның төрт облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі.
Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелгені хабарланды.
Ақмола облысы:
13 наурызда сағат 09.00-де ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көрінудің төмендеуі) жолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді:
«Екатеринбург-Алматы» 1291-1353 шқ, Қарағанды облысы, Жібек-Жолы ауылындағы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақылы автомобиль жолдары дирекцияларының учаскесі, «Екатеринбург-Алматы» 1275-1291шқ, Нұр-Сұлтан қаласына қарасты Жібек-жолы ауылы аумағы.
13 наурызда сағат 10.30-да ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, көрінудің шектелуі) «Екатеринбург-Алматы» 1003-1247 шқ, «Атбасар-Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» 16-200 шақырымындағы жолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.
13 наурыз сағат 10.25-те «Нұр-Сұлтан-Петропавл» 18-231 шқ, «Нұр-Сұлтан-Шортанды» жолдары бойындағы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақылы автомобиль жолдары дирекцияларының учаскесі жабылды.
ШҚО:
13 наурызда сағат 09.10-да ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (боран, көрінудің шектелуі) «Алматы-Өскемен» автожолының 778-967 шқ, Аягөз ауылы Қалбатау учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеулер енгізілді.
Қарағанды облысы:
13 наурызда сағат 09.00-де ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (қар, боран, көрінудің шектелуі) «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 1291-1353 шақырымында , Ақмола облысы - Теміртау қаласындағы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақылы автомобиль жолдары дирекциясының учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.
13 наурыз 10.45 «Екатеринбург-Алматы» 1426-1446 шақырымы мен Теміртауда жол жабылды.
Павлодар облысы:
13 наурызда сағат 10.30-да Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» тас жолының 200-254 шақырымындағы Ақмола облысы Шідерті аумағында көліктің барлық түріне қозғалысқа шектеу қойылды.
Естеріңізге сала кетейік, еліміздің 8 облысында 2022 жылдың 9 наурызы мен 12 наурызы аралығында көліктің барлық түрлері үшін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қозғалысқа 30 реттен астам шектеу енгізілген болатын.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 600-ден астам арнайы техника мен 1 мыңға жуық жол жұмысшысы жұмылдырылған. Соның нәтижесінде 5 мың шақырымнан астам республикалық маңызы бар жолдар тазартылды. Қысқы жөндеу жұмыстары күшейтілген режимде жалғасуда.
«ҚазАвтоЖол» азаматтарды ауа райының өзгеруіне баса назар аударуға және алыс жолға шықпауға шақырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық