Қазақстанның төрт облысы цифрлық сауаттылықтан артта қалды
2020 жылы цифрлық сауаттылық бойынша Алматы (91,4%) және Нұр-Сұлтан (91,3%) көшбасшылар болды. Қазақстанның төрт облысы артта қалды.
Бұл туралы Orda.kz Ranking.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
2022 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жоспарына сәйкес 6-74 жасқа дейінгі тұрғындар арасында цифрлық сауаттылық деңгейі 83%-ды құрауы керек.
2020 жылы жалпы көрсеткіш 84,1%-ке жетті, ал мақсат 80% болған. Алайда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында цифрлық сауаттылық деңгейі жоспарланған деңгейден төмен:
- Ақмола облысы - 74,9%
- Солтүстік Қазақстан облысы - 78,8%
- Батыс Қазақстан облысы - 78,8%
- Маңғыстау облысы - 79,6%
Интернетке, оның ішінде ұялы телефон арқылы қол жетімді үй шаруашылықтарының үлесі орта есеппен 92,4% құрады. Бірақ артта қалған аймақтарда бұл орташа республикалық деңгейден аз. Респонденттердің пікірінше, бұл интернетке деген қажеттіліктің болмауынан.
Сонымен қатар, оған қызметтердің қымбаттығы да әсер етеді. Мәселен, Ақмола облысында респонденттердің 11,5%, Солтүстік Қазақстан облысында 10,7%, Маңғыстау облысында 8%-ына кедергі жасайды. Батыс Қазақстан облысындағы респонденттердің 6,7%-ы интернетке қол жетімсіздікпен бетпе-бет келген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық