Қазақстанның төрт аймағынан коронавирустың жаңа Eta штамы табылды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан аумағынан нигериялық «Eta» штамы анықталғанын мәлімдеді.
Денсаулық сақтау министрі өзінің Facebook парақшасында денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында КВИ науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілерді секвенирлеу әдісімен коронавирустық инфекцияға генетикалық зерттеу жүргізгенін айтты.
— Секвенирлеу қорытындысы бойынша Қазақстанда 96 үлгіде штаммдар айналымы белгілі болды. Delta «үнді штамы» - 57 (59,4%), Alpha "британдық" - 24 (25%), «Ухань» коронавирусы - 10 (10,4%) және eta «Нигерия» - 5 (5,2%). Eta «Нигерия» штамы 4 өңірде табылды. Олар Қарағанды - 1, Маңғыстау - 2, Павлодар - 1, Нұр-Сұлтан – 1, - деп жазды министр.
Негізінен «Eta» штамының пайда болуы 2020 жылдың желтоқсанында айтылды. Аурудың алғашқы жағдайлары Нигерия мен Ұлыбританияда анықталған болатын.
«Eta» штамы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі ақпараты бойынша әлемнің 77 елінде табылған. ДДҰ санатындағы «бақылауды» талап ететін штамдар қатарында.
Бұл жаңа штамның Alpha және Beta штамдарындағыдай: дене қызуы, жөтел, иіс пен дәм жоғалту, аурудың ауыр өтуі сияқты клиникалық белгілері бар.
— Осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі әрбір қазақстандықты өз денсаулығына, жақындары мен туыстарының денсаулығына қамқорлықпен қарауға шақырады. Инфекциядан қорғанудың және ауруханаға жатпаудың жалғыз тиімді әдісі – COVID-19-ға қарсы вакцинация. Сондай-ақ, вирустың таралу қаупін азайту үшін маска киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтап, қол гигиенасы, үй-жайларды желдетіп вирустың барлық алдын-алу шараларын сақтау қажет, – деді Цой.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық