Қазақстанның сегіз облысында дауылды ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден
Синоптиктер 23 желтоқсанда қарлы боран мен көктайғақ болатынын ескертті.
Метеорологтардың мәліметінше, 23 желтоқсанда батыста, солтүстікте, Қарағанды облысының орталығында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, оңтүстік-батысқа ауысады, батыста, облыс орталығында екпіні 15-20 м/с.
Қарағандыда көктайғақ күтіледі.
Жезқазғанда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 18 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында түнде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.
Оралда түнде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 18 м/с.
Ақмола облысының солтүстік-батысында және оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде шығыста, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.
«Нұр-Сұлтанда кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с» делінген Қазгидромет РМК хабарламасында.
Көкшетауда көктайғақ күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел сақталады, күндіз облыс орталығында 15-20 м/с.
Қызылордада көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен жел шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ақтауда көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен жел шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с.
Алматы облысының шығысында және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Алакөл аймағында оңтүстік-шығыстан 17-22 м/с жел соғады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың батысында 15-20 м/с.
Ақтөбеде бұрқасын күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Шымкентте оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түркістанда таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық