Қазақстанның күштік құрылымдарын ресейшілдер басқарып отыр – ҰҚҚ экс-төрағасы
Қазақстанның күштік құрылымдарын басқаратын тұлғалардың басым көпшілігі ресейшіл. Ресейдің әскери мектептерінде тәлім алған олар «орыс әлемінен» өзгені мойындамайды.
Бұл туралы ҰҚК-ның төрағасы Әлнұр Мұсаев британдық BBC агенттігіне берген сұхбатына сілтеме жасап, dalanews.kz хабарлады.
Ресейдің Қазақстанға басып кіру мүмкіндігіне болжам жасаған Мұсаев Украинамен соғыста әбден қалжыраған Кремльдің мұндай қадамға барарына күмәнмен қарайды.
– Украина осы күнге дейін пісіп-жетіліп, кемеліне келген Ресей агрессиясын бір өзі қабылдап алды. Путиннің шапқыншылығы тығырыққа тіреліп, шарасыздыққа ұласып жатыр. Кремльдің Қазақстанға басып кірерлік құлқы да, қауқары да жоқ. Иә, еліміздің теріскейіне көз алартқан қауіпті мәлімдемелер Қазақстан тәуелсіздік алғалы толастаған емес. Десе де, Мәскеу бұдан арыға бармайды. Жар дегендегі жалғыз одақтасынан айрылғанды қаламайды, – дейді Мұсаев.
Оның пікірінше қазақстандықтар украин халқы секілді саяси белсенді емес, Кремльмен арадағы түрлі келіспеушіліктерге көбіне-көп селқос қарайды. Ел ішінде Ресейді жау санайтын ұлтшыл көзқарастағы аудиторияны соншалықты ауқымды деуге тағы келмейді.
Ең қауіптісі – Қазақстанның күштік құрылымдарында, соның ішінде Ішкі істер саласы, ҰКҚ, Қорғаныс министрлігінде Мәскеуді ғана мойындайтын, Ресейдің айтқанын екі етпейтін тұлғалар отыр.
– Өкінішке қарай, қолдан келер қайран жоқ. Әскери құрылымдардың басшы-қосшылары басынан бақайына дейін ресейшіл, мәскеушіл. Алысқа бармай-ақ, Қорғаныс министрін мысалға алайық. Ол ұзақ уақыт Ресейде оқыды, ресейшіл екенін жасырмайды. Қазақстанның күштік құрылымдары Кремльдің ығына жығылуға және Мәскеудің сойылын соғуға бейілді, бұған Тоқаевтың соңғы мәлімдемесі де кедергі келтіре алған жоқ, – дейді Мұсаев.
Бұдан бөлек Ресей Еуразиялық одаққа біріккен елдерді түрлі мемлекетаралық қауіпсіздік ұйымдарына кіргізіп, жіпсіз байлап тастаған. Ішкі істер министрлері мен Қорғаныс министрлерінің кеңесі деп аталатын аты да, заты да түсініксіз құрылымдар шын мәнінде қауіпсіздік саласындағы Ресейдің ықпалын кеңейте түсуді көздейді. Бұлардың бұдан өзге мұраты жоқ.
Совет өкіметінің шекпенінен шыққан елдерді алысқа ұзатпай, уысында ұстау арқылы оларды Батыс әлемінен оқшаулауды мақсат тұтады.
Сөй деген Мұсаев түнеукүнгі Петербор форумында Ресейдің көзқарасына қайшы келетін мәлімдеме жасаған Тоқаевтың сөзіне сезікпен қарайтынын айтыпты.
– Меніңше, бұл алдын-ала дайындалған дүние. Тоқаев Путинге қарайлап отырды. Жүзінде «дұрыс айттым ба?» деген сауал тұрғандай сезілді. Мен бұған толық сенімді емеспін, десе де сондай күдігім бар.
Анығы, Ақорда Кремльге ашық түрде қарсы келе алмайды.
Иә, Украинаға соғыс ашқан Путиннің әлсіреп қалғаны рас. Санкциялар Мәскеудің түбіне жетпесе де, әбден титықтатып, экономикалық әл-қуатын сарқып тынады.
Путиннің басқыншы саясаты өркениетті әлемнің қарсылығына ұрынды. Ресей экономика ғана емес, саяси алаңда да, дипломатия саласында да ойсырай ұтылып жатыр. Тоқаев кәнігі дипломат ретінде мұны көріп-біліп отыр. Бір жағынан Петербордағы батыл мәлімдемесі сонымен де байланысты болуы мүмкін…, – дейді Мұсаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық