Қазақстанның көшбасшы әйелдері – теңқұқылы қоғамның көрінісі
«Ерлер мен әйелдердің құқығы теңесті», «Біз тең құқылы қоғамда өмір сүріп жатырмыз» деген сөздерді соңғы кездері жиі естуге болады. ORDA мұның қаншалықты рас екенін зерттеп көрді. Редакция Қазақстандағы оншақты саланы мысалға алып, көш бастаған әйел мамандардың рейтингін жасады.
Ел басқару:
- Ақтоты Райымқұлова – 2019 жылдан бері Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарып келеді.
- Аида Балаева – 2020 жылдан бері Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінде.
- Дариға Назарбаева – 2021 жылдың қаңтарынан бастап Мәжіліс депутаты.
Денсаулық сақтау:
- Диляра Қайдарова – Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметін атқарып келеді.
- Динара Саменова – Ұлттық ғылыми онкология орталығында біліктілігі жоғары санатты хирург, онколог, маммолог, пластикалық хирург қызметін атқарады.
- Алмагүл Күзгібаева – балалардағы созылмалы гастрит түрлерін диагностикалау әдісінің авторы.
Авиация:
- Тоты Амирова – Қазақстандағы алғашқы әйел ұшқыш. Бірақ 2019 жылы Азаматтық авиация комитетінің әуе кеңістігін пайдалану бөлімінің басшысы қызметінен кетті.
- Евгения Гончарова – Ab-Initio бағдарламасының түлегі, қазақстандық Air Astana әуе компаниясының екінші Embraer ұшқышы болып жұмыс істейді.
- Ксения Бородач – Scat авиакомпаниясының екінші ұшқышы.
Құқық қорғау:
- Алмагүл Алмағамбетова – ювеналды полиция капитаны қызметін атқарады.
- Әлия Ахметжанова – Нұр-Сұлтан қалалық полиция бөлімінде полиция полковнигі болып жұмыс істейді.
- Салтанат Әзірбек – Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі.
Білім беру:
- Жанна Нагыманова – Л.Гумилев атындағы ЕҰУ әскери кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істейді.
- Зауреш Батырова – Білім министрі Асхат Аймағамбетовтың 2020 жылдың қазанында жариялаған «Үздік оқытушы – 2020» тізіміне сай музыка мұғалімінің есімі көш бастады. Ол №5 «Алтын бесік» балабақшасында жұмыс істейді.
- Жайнагүл Әділова – гуманитарлық колледжде қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі болып жұмыс істейді. Ол да білім министрінің «Үздік оқытушы – 2020» тізіміне ілінді.
Сән саласы:
- Аида Қауменова – жетекші қазақстандық дизайнерлердің бірі. Дизайнердің коллекциялары оның туындыларында көрінетін қазақ мәдениеті ерекше әсемдік пен үйлесімділік береді. Aida KaumeNOVA брендімен танымал сән үйінің өнімдері Қазақстанда да, шетелде де танымал.
- Құралай Нұрқаділова – әйгілі қазақстандық дизайнер. Ол люкс деңгейде киім тігіп, оны барлығына қол жетімді етіп, «HARDEROБ» киім желісін шығарды.
- Айжұлдыз Адайбекова – жас қазақстандық дизайнер, MOND киім брендінің негізін қалаушы.
Кәсіпкерлік:
- Сәуле Самидин – үйлену той, концерттер мен форумдар сегментінде 15 жылдық тәжірибесі бар Sunevents және SAUKELE той салонының негізін қалаушы.
- Светлана Каплина – «Aydana tour» туристік компаниясының құрылтайшысы және басқарушы серіктесі. Ол келіссөздер және іскери коммуникация бойынша сарапшы.
- Ақмарал Басырова – «Ақ әлем» тазалық жұмыстарын атқаратын компанияның негізін қалаушы. Ол өмірлік қиын жағдайдағы әйелдерді жұмыспен қамтиды.
Кино әлемі:
- Шәрипа Оразбаева – жас режиссер. Қазақстан атынан халықаралық фестивальдарға жиі қатысып отырады. Оның ішінде «Едоки картофеля» І Baiqonyr Short Film Festival-да Гран-при алған.
- Альмира Тұрсын – актриса, сценарист. 2019 жылы Альмира Тұрсын Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи фильмінде алғаш рет басты рөлді сомдаған.
- Камилла Абельдинова – жас режиссер. Режиссердің «Вкус цвета» деректі қысқаметражды фильмі VIII Kolkata Shorts International Film Festival кинофестивалінде «Үздік деректі фильм» сыйлығын жеңіп алды.
Ән:
- Жанар Дұғалова – актриса және эстрада әншісі. «Turkvision-2014» музыкалық байқауының жеңімпазы. KeshYou поп-тобының бұрынғы мүшесі.
- Дилназ Ахмадиева – актриса және әнші. 2012 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды. Қазіргі уақытта ол өзінің шығармашылық қызметінен бөлек, «Өнер елшілігі» продюсерлік орталығын басқарады. Оның танымал жобаларының бірі - «Some Toir» музыкалық тобы.
- Кәмшат Жолдыбаева – актриса және әнші. KeshYou поп-тобының бұрынғы мүшесі.
Спорт:
- Элизабет Тұрсынбаева – қазақстандық атақты мәнерлеп сырғанаушы. Алғаш рет ересек адамдардың ішінде мәнерлеп сырғанаушы сайыста төрт рет секіруді (сальхов) орындаған. 2019 жылдың желтоқсанында ол мемлекеттік «Еңбектегі айрықшылығы үшін» медальмен марапатталды.
- Динара Сәдуақасова – қазақстандық шахматшы, 2012 жылы әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер атанды. 20 жасқа дейінгі әлем чемпионы. 2019 жылы Азия чемпионы атанды.
- Сабина Алтынбекова – қазақстандық волейболшы, құрама команданың мүшесі. 17 жасында Қазақстанның волейболдан (19 жасқа дейінгі) жасөспірімдер құрамасының мүшесі болған.
Көріп отырғанымыздай қоғамның қай-қай саласын алсаң да, олардың ішінде көшбасшы әйел маман бар. Бұл тең қоғамның бірден болмаса да, шетінен орнауының айқын көрінісі.
Жаңалықтар
- Алматыда автобус 5 жастағы баланы соғып кетті
- Қазақстан әскерінде жаңа жүйе: Әлімжеттікке қарсы жасанды интеллект
- Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне «Астарлы ақиқат» бағдарламасы кінәлі ме?
- «Шыдамы шегіне жетті»: Ринат Зайытов ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды талап етті
- Алматыда мемлекеттік қызметтшілер спорттан миллиондарды жымқырды
- Қостанайлық диджейге қатысты сот үкімі шықты
- «Кіші жүз – транс жүз»: Алматыда «Лесбиан жиыны» өтті
- Алматы облысының экологиясына 204 млн теңге зиян келтірілген
- «Премьер-Министрдің орынбасары»: 113 млн теңге пара алған азамат сотталды
- ІІМ: Қазақстанда екі жарым айда 20 мыңнан астам жас әскерге алынады
- Талдықорғанда өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды
- Қаржы министрлігінің жоғары лауазымды шенеуніктері 68 млн тенге пара алу кезінде ұсталды
- LRT ісі бойынша негізгі күдіктілер Қазақстанға оралмады
- Дариға Назарбаеваның күйеуінің мұнай компаниясы акционерлерін дивидендсіз қалдырды
- «5 млнға жуық»: Алимент төлемеген ер адам құрықталды
- Бұрынғы Әділет министрі Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі 3 айға ұзартылды
- «Қазақстан өзіңді еркін сезінетін ел емес»: қазақстандық боксшы қыз АҚШ әскері қатарына қосылады
- Бұрынғы судья Светлана Жолманова ұсталды
- Астана қаласында 578 келі есірткі тәркіленді
- Шымкенттегі беделді университет ректорының ұсталуына қатысты жаңа дерек шықты