Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден
Елдің батысында ауа температурасының төмендеуіне себеп болған солтүстік-батыс антициклон одан әрі республиканың солтүстік-батыс, солтүстік, орталық облыстарына ауысуын жалғастырады.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, жалпы республиканың басым бөлігінде мамыр айының басында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, оның біртіндеп көтерілуі күтілуде. Ал аптаның соңына қарай күндіз ауа температурасы +13 …+25°C градусты көрсетеді. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында температураның айтарлықтай ауытқуы күтілмейді.
Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжап отыр.
Қызылорда облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан облыс орталығында жел соғады, күші 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының шығысында – шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде – тұман.
Батыста, оңтүстікте, Маңғыстау облысының орталығында және Ақтау қаласында найзағай ойнайды.
Түркістан облысының таулы аймақтарында – қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда – найзағай, бұрқасын. Күндіз таулы аймақтарда – бұршақ жауады. Шымкент қаласында – кей уақытта найзағай ойнайды, бұрқасын болады.
Қарағанды облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, солтүстігінде батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қаласында 3 мамырда күндіз – батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық