Қазақстанның бірнеше қаласын Ресейге бермек болған ер адамға қарсы қылмыстық іс қозғалды
Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті желі қолданушысының үстінен қылмыстық іс қозғады.
Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті хабарлады.
«Әлеуметтік желі қолданушысы Максим Яковенко қоғамда кең резонанс тудырған арандатушылық ақпараттан тұратын жазба жариялады. Ол өз жазбасында Қазақстанның бірнеше қаласын Ресейге беру керектігін жазады. Осы мәлімдемесімен ол ұлтаралық араздық тудырды. Аталған факт негізінде полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (Ұлтаралық араздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғады» деп хабарлады БҚО полициясы.
Полиция департаменті әлеуметтік желілердің барлық қолданушыларын мұндай арандатушылық жазбаларға бой алдырмауға және жағдайды тұрақсыздандыруға ықпал етпеуге шақырады. Сондай-ақ, мұндай арандатушылық мәлімдемелер қылмыстық жауапкершілікке тартылатын әрекет екенін еске салады.
«Барлық азаматтар бір-біріне деген сыйластық қарым-қатынасты сақтауы керек, мұндайлардың бір ғана мақсаты – қоғамымызда түсінбеушілік тудырып, жанжалдарға себепкер болу. Сондықтан абай болыңыз және арандатушылыққа бой алдырмаңыз» деп толықтырды тәртіп сақшылары.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық