Қазақстанның бас онкологы Ресейде жоғары марапатқа ие болды
Еліміздің онколог дәрігері Диляра Қайдарова ресейлік «Призвание» сыйлығы иемденді. Ол Қазақ Ұлттық онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басшысы. Жерлесіміз Ресейде «Медицинаға жаңа бағыт әкелгені үшін» номинациясын жеңіп алды.
Жаңалықты Қазақ Ұлттық онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты Facebook парақшасында жариялады. Ол «Призвание» марапатын онкоұрықтану бағдарламасы үшін алды. Онкоұрықтану бағдарламасы онкологиялық науқастардың репродуктивті қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шара медицина қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылған.
Институт мамандары соңғы жылдары онкологиялық науқастар көбейгенін алға тартады. Олардың ішінде жастар көп болғандықтан емдеу мәселесін ғана емес, жастардың бала сүюіне көңіл бөлінуі тиіс екеніне баса назар аударады. Сондықтан институтта бірнеше жыл бұрын онкологиялық науқастардың ұрықтану қабілетін сақтау бағдарламасы құрылып, науқастардың генетикалық материалдарын сақтайтын криобанк жасалған.
— Соңғы жылдары жастардың арасында онкологиялық ауру көбейді. Сондықтан олардың ұрықтану қабілетін сақтау, емделіп шыққан соң бала сүю мүмкіндігін дәл осы онкоұрықтану бағдарламасымен жүзеге асыруға болады. Қазақстанда бұл бағдарлама 10 жылда бері жұмыс істеп, елімізде 50-ге жуық сәби дүниеге келді. Бұл марапат біздің барша онкологтардың еңбегі, олар күн сайын науқастарға қатерлі ісікпен күресуге көмектеседі, - дейді Диляра Қайдарова.
Ресейдегі үздік дәрігерлерге арналған «Призвание» сыйлығы — Ресейдің басты медициналық марапаты. Жоба 2001 жылдан бері жыл сайын медицина қызметкерлерінің күні қарсаңында өтеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық