Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі жазасын өтеп шықты
Фото: primeminister.kz
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов жазасын өтеп шықты.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
1 қыркүйек күні Серік Ахметов жазасын өтеуіне байланысты тіркеуден алынып тасталғаны айтылды. 2015 жылдың желтоқсанында Серік Ахметов бюджет қаражатын жымқырды, қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ, бес жыл мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды және мүлкі тәркіленді. Ахметов кінәсін мойындамады, бірақ сенімін ақтамағаны үшін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан кешірім сұрады.
– 2021 жылғы 1 қыркүйекте Серік Ахметов сотталу мерзімін өтеуіне байланысты жазаның негізгі түрі бойынша пробация есебінен шығарылды. Қазіргі уақытта белгілі бір лауазымдарды атқаруға тыйым салу түріндегі қосымша жаза бойынша Қазыбек би ауданының пробация қызметінде есепте тұр, - деді ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметі.
2016 жылдың наурызында оның мерзімі 8 жылға дейін қысқартылды. Сот үкімінің жеңілдетілуі Ахметовтың 2,5 миллиард теңге көлемінде залалды өтеуімен байланысты.
– Баршаңызға рахмет. Мен үйге барып, демалайын, - деді Ахметов колониядан шыққанда.
Серік Ахметов әр жылдары Теміртау қаласының әкімі, Қарағанды облысының әкімі, көлік және коммуникация министрі, қорғаныс министрі болды.
Дереккөз: zakon.kz
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық