Қазақстанның Қарулы күштері елдің батысы мен оңтүстігіне аттанды
Қыркүйектің басынан бері ауқымды әскери оқу-жаттығулар өтіп жатыр, шара аясында Қазақстанның әскері батыс және оңтүстік өңірлеріне жіберілді.
Қорғаныс министрлігі әскери дайындыққа тексеру жүргізіп жатыр. Аталған шараға тоғыз мың адам, үш мыңға жуық қару-жарақ пен әскери техника қатысуда. Маневрға шамамен тоғыз мың адам, үш мыңға жуық қару-жарақ пен әскери техника, оның ішінде 66 ұшу аппараты мен сегіз корабль тартылды.
Қазақстанның территориясының кеңдігіне байланысты Қарулы Күштер алыс қашықтыққа тез жетуге әзір болуы тиіс. Осы орайда әскерді жауынгерлік техникамен, теміржол және әуе көлігімен, оның ішінде азаматтық авиация мүмкіндігін пайдалана отырып, әртүрлі тәсілмен жеткізу жүзеге асырылды.
— Атап айтқанда, алдыңғы шептегі бөлімшелер әскери-көлік және азаматтық авиация ұшақтарымен жеткізілді. Құрлық әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелері жауынгерлік техникасымен бірге өздеріне таныс емес полигондарға теміржол көлігімен жеткізілді. Жауынгерлік оқу-жаттығу міндеттерін орындау шеңберінде бөлімшелер белгіленген аудандарда орналасып, оларды инженерлік тұрғыдан жабдықтады.
Армия және майдан авиация топтары жедел әуеайлақтарға және Ақтау – Жаңаөзен автомобиль жолының әуеайлақ учаскесіне қайта орналастырылды, - делінген қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Әскери-теңіз күштері кемелері Каспий теңізінің акваториясында кемелер тұратын пункттерді күзетуді және қорғауды іске асырады. Одан әрі құрамалар мен бөлімдер жауынгерлік міндеттерді орындайды. Әскер әрекетінің нақтылы мен сапасын Қарулы Күштердің Бас штабы бағалайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық