Қазақстанда қар көшкінінен 70-тен астам адам құтқарылды
Өткен тәулікте Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы облыстық және республикалық маңызы бар жолдарда қар құрсауынан 72 адам құтқарылды, 27 автокөлік сүйрелді, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.
Құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдардың, жол қызмет күштері мен құралдары жұмылдырылды. Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында босанған әйел Шаховское ауылынан жедел жәрдем вагонына жеткізілді. Оған медициналық көмек қажет болған.
Ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, жаңбыр мен қар, қарлы боран, көрінудің шектеулі болуы) 6 ақпаннан бастап еліміздің сегіз облысында жолдар жабылды. Жетінші ақпанның түнінен бастап республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан-Петропавл автожолы жабылғаннан кейін, Нұр-Сұлтан мен Щучинск қаласынан жүрген көліктердің тоқтауы байқалды.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен төтенше жағдайлар министрлігінің ахуал орталығында жедел әрекет ету және ведомствоаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру үшін жедел штаб орнатылды. Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «112» басқару пультіне және Нұр-Сұлтан Төтенше жағдайлар департаментіне тұрғындардан 5500-ге жуық қоңырау түсті.
Төтенше жағдайлар министрлігі және жергілікті атқарушы органдар шоғырланған жерлердегі көлік иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді, 19 жылу пункті дайындалды. Автокөліктерге ПД-ның офицерлері мен жол қызметі қызметкерлерінің еріп жүруімен (1668 автокөлік, оның ішінде 290 жүк көлігі) колонналар арқылы жіберілді.
Тас жолда көлікт қозғалысы ашық, қазір ешқандай кептеліс жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық