Қазақстанның 16 өңірінде жолдар жабылды
Бір тәулік ішінде республиканың автожолдарында 155 бірлік техника жұмылдырылып, 294 адам эвакуацияланды. Бұл туралы КР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты, деп хабарлайды ORDA. ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
16 өңірде дауылды ескерту жарияланды. Олар: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау, СҚО және Түркістан.
ТЖМ ахуалдық орталығында құрылған жедел штабқа «Қазақавтожол» ЖШС және «ҚазАвтоЖол»ҰК АҚ қызметкерлері кірді. Республикалық штабтар Ақмола, Қарағанды, СҚО, Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейді.
Қазіргі таңда ауа райына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 46 учаскесі және 14 өңірде 51 облыстық маңызы бар учаске жабылды. Аталған учаскелерге Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс-Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстары жатады.
Қостанайға - 87, Жамбылға - 70, Қарағандыға - 169, барлығы 316 бірлік автокөлік шоғырланған.
Халықты эвакуациялау үшін жабық жол учаскелерінде 473 жылыту пункті дайын. Қазіргі уақытта мұнда 138 адам орналастырылды.
ТЖМ аумақтық бөлімшелерімен 155 бірлік техника шығарылып, 294 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 17 бала.
Шұғыл жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, жол қызметтері, ЖАО барлығы 1189 адам және 788 бірлік техника жұмылдырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық