Қазақстандық жүк тасымалдаушылар Украинадан шығатын «жасыл дәліз» сұрайды
Желіде Украинадағы жағдайдың кепіліне айналып, туған жеріне қайта алмай жүрген қазақстандық жүк көлігі жүргізушілерінің видеоүндеуі жарияланды.
Жүк көліктерінің жүргізушілері шекарадан өтіп, үйлеріне қайтуы үшін «жасыл дәліз» ұйымдастыруды сұрайды, деп хабаралайды BaigeNews.kz.
— Біз, Қазақстан азаматтары, Украинадамыз. Кездейсоқ Украинадағы әскери қимылдардың кесірінен тұтқынға түскендей болдық. Мемлекеттен шекараны кесіп өтуге және үйге қайтуға көмектесуін сұраймыз. Өйткені, аспан қара түтінге толып, күн өткен сайын жағдай қиындап барады. Біз өз мемлекетімізге сенеміз, - дейді видеода жүргізушілердің бірі.
Оның әріптесі қазақстандық Роман Бушуев қазір Украинаның Днепро қаласында екенін айтты.
— Біз тұрақта тұрмыз, 10 қазақстандық көлік бармыз, не істерімізді білмейміз, әйтеуір Ресейге немесе Беларусь республикасына шығуды ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы үкіметінен көмек сұраймыз, - деді Роман.
Дәл осындай мәселемен халықаралық жүк тасымалымен айналысатын қазақстандық компаниялардың бірінің басшысы Дмитрий Обершт «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына да жүгінді. Оның айтуынша, қазір Украинада Қазақстанның елу жүргізуші осындай жағдайда.
— Көліктер елдің түкпір-түкпірінде - Днепрден Киевке дейін шашылып жатыр. Кейбіреулер бір айдан бері тұр, өйткені басқа мәселелер болды, одан соғыс басталды. Жігіттер көлікте тұрады: кейбірі орманда, кейбірі жағалауда, жол бойында, кейбіреулері автотұрақта. Олар бір жерде бір-бірімен астарын бөліседі, ал кейбіреулері чатта атыс пен жарылыс естігендерін жазады, - деп келтіреді Дмитрий Оберсттің сөзін mgorod.kz.
Жағдайға түсініктеме бере отырып, «Атамекен» ҰКП ауыр жүк көліктерінің 50 жүргізушісі оларға Украинадағы қайда екендігі туралы мәліметтерді жіберіп қойғанын хабарлады. Көбісі жүк тиелген көліктерін тастап, елден ұшып кете алмай жатыр.
«25 ақпанда АЭС Сыртқы істер, сауда министрліктеріне және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне ресейлік, беларусьтік, украиналық, поляк және басқа да тараптармен «жасыл дәлізді» қамтамасыз ету мәселесі бойынша жұмыс істеуді сұраған хаттар жолдады. Қазақстандық тасымалдаушылардың Украина аумағынан шығуына арналған «жасыл дәліз», делінген Ұлттық палата мәлімдемесінде.
Ұлттық палата байланыс орталығы арқылы жүргізушілер туралы деректерді жинауды жалғастыруда: +7 778-870-1432.
Еске салайық, Украина мен Беларусь шекарасындағы барлық өткізу бекеттерін белгісіз мерзімге жабылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық