Қазақстандық вакцинаны әзірлеуші ғалым: вакцина толығымен қорғамайды
Халықаралық вакцинология орталығының жетекшісі Қайсар Табынов өзінің екпе алса да коронавируспен ауырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ғалым коронавируспен ауырып, өкпесінің 35%-ын вирус зақымдағанын айтты.
— Бірнеше күн бұрын ауруханадан шықтым, 10 күн бойы коронавирус дертінен емделдім. Біраз нәрсе білдім, тіпті кітап жазуыма болады. Алғашында 35%-ы зақымдалған өкпемен, 39 градус дене қызуымен «Халық Аренаға» түстім, кейіннен жөні дұрыс Алматыдағы фтизопульмонология орталығына ауыстырды, - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасына.
Ғалым-дәрігердің айтуынша, вакцина коронавирустан толығымен қорғамайды. Бұған оның осы ауруға шалдыққаны мысал. Сол себепті ол індеттен сақтану үшін жиі екпе салғызуға тура келетінін мәлімдеді.
Зерттеуші осыдан он ай бұрын аустралиялық COVAX-19 вакцинасын салғызған екен. Оған қосымша ол өзі дайындап шығарған NARUVAX-C19/Nano вакцинасын да қабылдапты.
— Алдағы уақытта менің ауруды қалай жұқтырғанымды анықтаймыз. Төсек тартып, жатып қалуыма себепші болған вирусты зерттейміз. Вакцинаның құрамын дамытуға болатын біраз дүниелер барын ұқтым, - дейді Қайсар Табынов.
Ол қазақстандық ғалым дәрігерлердің коронавируспен дұрыс күресуді үйренгенін алға тартады. Табынбаевтың сөзінше, жүре алмай қалған егде жастағы науқастарды біздің дәрігерлер аяғынан тік тұрғызған.
— Favipiravir препаратын қолдануға күмәнданып қалдым. Бұл дәрі менің бауырыма қатты әсер етті. Оның ағзадағы вирустың мөлшерін қаншалықты төмендетуге сеп болғанын білмеймін. Менің аустралиялық серіктестерім ауырғанымды естіп, ивермектинді қолдануға кеңес берді. Бұл паразиттерге қарсы препарат вирустың үш нүктесіне соққы болады, - дейді дәрігер.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық