Қазақстан әуе компанияларына Ауғанстан үстінен ұшуға тыйым салынды
Қазақстандық әуекомпанияларға Ауғанстан аумағы арқылы ұшуға тыйым салынды. «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ мәліметінше, Ауғанстан аумағына және оның әуе кеңістігінде ұшу жолаушылар мен ұшақтарға қауіп төндіреді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
– «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ отандық авиакомпанияларға тиесілі азаматтық әуе кемелерінің Ауғанстанның әуе кеңістігін пайдаланудағы қауіп-қатері мен тәуекелдерді басқару бойынша бағалау жүргізді. Нәтижесінде Ауғанстан аумағына және оның әуе кеңістігінде ұшу кезінде жолаушылар мен ұшақтардың қауіпсіздігіне әсер ететін қауіптер мен тәуекелдер бар деп шешім шығарылды, - делінген хабарламада.
Жолаушылар мен ұшаққа қауіп төнетіндіктен Қазақстан әуе компанияларына әуе кемелерінің бұл аумаққа барлық ұшуларына тыйым салынатын болды.
– Бағалау нәтижелері бойынша 16 тамызда «Қазақстанның авиация әкімшілігі» АҚ Ауғанстандағы жағдай тұрақтанғанша тұрақты, жүк және чартерлік әуе тасымалдарын жүзеге асыратын Қазақстан әуе компанияларына әуе кемелерінің бұл аумаққа барлық ұшуларына тыйым салу туралы тиісті нұсқауларды (радиограммалар) жіберді. Дәл осындай нұсқаулық «Қазаэронавигация» РМК-ға да жолданды, - деп хабарлады «ҚАӘ» АҚ баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық