Қазақстандықты әлем чемпионаты алтынынан өз бапкері айырды ма?
Қазақстан чемпионы Алексей Дроздов ел біріншілігінде өз салмағында 295 келіні бағындырғанымен, Ташкентте өтетін әлем чемпионатына оны апармаған. Нәтижесінде небәрі 288 келіні бағындырған корейлік алтынға қол жеткізген.
Қазақстандық ауыр атлет, ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Алексей Дроздов Ташкентте өтетін ауыр атлетикадан әлем чемпионатына іріктеу әділетсіз жүргізілгенін мәлімдеді. Спортшының жазбасы әлеуметтік желіде жарияланды.
Алексей Дроздов халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның рекордсмені және жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері екенін айтты. Оның айтуынша, бір ай бұрын өткен Қазақстан чемпионатында спортшы 61 келіге дейінгі салмақта рекорд орнатқан болатын.
Алексей Ташкентте өткен әлем чемпионатында кореялық спортшы жалпы салмағы 288 келіні бағындырып, алтын медаль жеңіп алғанын, ал қараша айында өткен Қазақстан чемпионатында оның жалпы салмағы 295 келіге жеткенін айтты.
«Мен ең жақсы формада болдым және қазір де жақсы формадамын. Әлем чемпионатында ең жоғары нәтижені жеңіл бағындыратын едім. Мені еш себепсіз қалдырып кетті. Мен бапкерлер құрамының шешіміне риза емеспін, олар мені апарамын деп, Арли Чонтейді алып кетті. Неге маған әділетсіздік танытты?» деп сұрады спортшы.
Бейне үндеудің ішінде екі видео бар: бірінде оңтүстіккореялық спортшы Ташкентте өткен әлем чемпионатында штанга көтеріп, сол арқылы алтын медаль жеңіп алса, екіншісінде Алексей Дроздовтың жаңа республикалық рекорд орнатқан сәті.
Еске салсақ, бұған дейін ұлттық құраманың сайланған, бірақ қызметіне кірісе алмаған бас бапкері Дәурен Бекмұханбетов те Алексей Дроздовты әлем чемпионатына неге апармағанына таң қалған.
Әзірге ауыр атлетика федерациясы ешқандай түсініктеме бермеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық