Қазақстандықтарды күзде қандай ауа райы күтеді?

cover Фото: Pixabay

Күзге арналған маусымдық ауа райы болжамына сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде күздің алғашқы екі айы салыстырмалы түрде жылы болады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, қыркүйек және қазан айларында ауа температурасы нормадан 1-2°С жоғары болады деп болжануда.

Республиканың басым бөлігінде қарашада да жылы болады деп күтілуде. Нормаға жақын – тек Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында, Солтүстік Қазақстанның басым бөлігінде, Ақтөбенің солтүстік-батысында, Қостанайда, Павлодар облыстарының солтүстік жартысында.

Қыркүйек және қазан айларында жауын-шашын Қазақстанның басым бөлігінде нормадан аз болады.

Қараша айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын климаттық нормаға жақын болады деп күтілуде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар