Қазақстандықтарды ауыз сумен қамтамасыз етуге 500 млрд бөлінді
Қазақстанның кейбір аймақтарында әлі де ауыз су мәселесі өзекті болып отыр. Үкімет халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 2021-2025 жылдар аралығында жұмсалатаны бюжеттік қаражаттың мөлшерін бекітті.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Осылайша, жоба аясында бюджеттен 498 млрд теңге бөлінді, оның 261 млрд-ы ауылдық елді-мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге жұмсалады.
– Ағымдағы жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу мен реконструкциялауға 151,4 млрд теңге, оның ішінде қалаларда - 77,3 млрд теңге, ауылдарда - 74,1 млрд теңге көзделген, - деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов.
Шахановтың айтуынша, 2021 жылы халықтың 95% сапалы сумен жабдықталуы керек: қала тұрғындары – 98%, ауыл тұрғындары – 91,8%.
Сондай-ақ, ол осындай 45 ауылда тұрғындар саны 10-ға да жетпейтінін айтты.
– Ел бойынша барлығы 6 316 ауыл бар. Оның ішінде халық саны 50 адамнан кем – 348 ауыл (10,1 мың адам) және 10 адамнан кем – 45 ауыл (253 адам) бар. Оның ішінде 3 991 ауыл орталық сумен қамтылған, 403 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылған. Ауызсумен қамтылмаған 1 922 ауылдың 793-інде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелерін салу жұмыстарын жалғастыру жоспарланып отыр, - деді Бейбіт Шаханов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық