Қазақстандықтар зейнетақының «артығын» алуға асығуда
Соңғы үш күнде 157 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Басты мақсаттарға «Отбасы банкіндегі» депозитті толтыру, емделу, бұрыннан бар ипотеканы ішінара өтеу кіреді.
Бір қызығы,қазақстандықтардың БЖЗҚ-дан сұрайтын ең төменгі сомасы – 200 теңге екен. Өтініш бергендердің орташа жасы 36-45 жас аралығында. Платформаны қолданушылардың көпшілігі ер адамдар.
Бар болғаны бір жылдың ішінде 1,5 миллионнан астам өтініш өңделіп, БЖЗҚ-ға жіберілді. Соңғы күндері платформа сағат сайын 1000-нан астам өтінімді қабылдауда.
Барлық келіп түскен өтініштерді уақытында өңдеуге және жаңаларын қабылдауға үлгеру үшін «Отбасы Банкі» қызметкерлері Наурыз мейрамында жұмыс істейтін болады.
Тапсырысты қашықтан толтыру үшін депозит немесе арнайы шот ашуға болады. Ол үшін 300 нөміріне қоңырау шалу немесе бейнебайланыс арқылы оператормен банк сайтына хабарласу қажет. Бұл қоңыраулар 19, 20, 21 және 22 наурыздағы демалыс күндері де қабылданады.
Сондай-ақ платформа қазақстандықтарға тәулік бойы, соның ішінде демалыс және мереке күндері де қолжетімді болады. 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы жинақтарының шектемесі өзгереді.

Қазіргі шарттарды пайдалану үшін қазақстандықтар 2022 жылдың 29 наурызына дейін enpf-otbasy.kz платформасында өтінім беруі қажет.
«Отбасы банкі» өтінішті 2 күн ішінде қарап, БЖЗҚ-ға жібереді. БЖЗҚ 2022 жылғы 31 наурызға дейін қабылдаған өтінімдер бойынша ЭПҰ 2022 жылғы 1 сәуірге дейін жарамды шекті мәндерге сәйкес төленеді.
Азаматтардың өтініштерінің көп болуына байланысты бірнеше күн бойы платформа жұмысының нашарлауы байқалды. Қазір оның жұмысы қалпына келтірілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық