Қазақстандықтар өздерінің болашағын ойлауы керек – Тоқаев
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес отырысын өткізіп, қатысушылардың пікірін тыңдады. Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды.
Президент халық табысының өсу қарқыны баяулап, әлеуметтік теңсіздік мәселесінің ушығуы басты түйткілдердің бірі деп санайды. Оның айтуынша, бүкіл әлемдегідей Қазақстанда да бизнес пен халыққа қолдау көрсету үшін дағдарысқа қарсы әртүрлі шұғыл бастамалар мен шаралар жүзеге асырылды. Бұл тәуекел-қатерлерді азайтуға және еліміздің экономикалық ахуалын тұрақтандыруға мүмкіндік берді.
– Үкімет тиісті шараларды қабылдады деп санаймын. Пандемиядан сабақ алып, әлеуметтік саясатымызды жаңа жағдайларға жүйелі түрде бейімдеуіміз керек. Жалпы, ұсынылып отырған мақсаттар мен міндеттерді қолдай отырып, әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодекстің жаңа «қоғамдық шарттың» негізгі бөлігіне айналуы қажет екенін айтқым келеді. Кодекс бойынша мемлекет жаңартылған әлеуметтік міндеттемелердің орындалуына кепілдік береді. Алайда, барлық қазақстандық болашағын ойлап, өздеріне жауапкершілік пен міндеттемелер ала бастауы керек. Әлеуметтік жаңғырудың барлық құралы нақты жұмыс істеп, азаматтар мен бизнес үшін түсінікті болуға тиіс, – деді Президент.
Ұлттық банктің болжамына сәйкес кепілдендірілген трансферттердің азаюына байланысты 2022-2030 жылдар аралығында Ұлттық қорға түсетін қаржы көлемі 20 миллиард долларды құрайды. Нәтижесінде Ұлттық қордың активтері 2030 жылға қарай 100 миллиард долларға жетеді. Оның кемінде 50 пайызы инвестициялық табыстан түседі.
Биыл Реформалар жөніндегі жоғары кеңес ел дамуының барлық бағытын қамтитын 20-дан аса мәселені қарастырды.
Жиын соңында кеңес мүшелері алдағы 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық