Қыста көмір құны шарықтап кетпей ме?
Қазақстанда бір тонна көмірдің құны 5-19 мың теңге.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Мемлекет көмір бағасын бүгін реттемейді. Сондықтан аймақтар бойынша баға диапазоны кең - тоннасына 5 мың теңгеден 19 мың теңгеге дейін. Бағасы көмірдің сортына және оны өндіру орындарының қашықтығына байланысты.
Қазақстандықтар арасында «Шұбаркүл», «Жалын» (Қарағанды облысы) және «Қаражыра» (Шығыс Қазақстан облысы) кен орындарының көмірі үлкен сұранысқа ие.
Көмір нарығында делдалдардан құтылу үшін мемлекет жеткізушілерге арнайы талаптар әзірледі. Олардың жеке қоймалары, теміржол тұйықтары мен бірқатар қызметкерлері болуы керек.
– Әкімдіктер делдалсыз тендерге тікелей қатысатын және соңғы тұтынушыға, яғни халыққа көмір сататын аймақтық операторларды анықтады, - деп түсіндірді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.
Оның айтуынша, қазір аймақтарда 107,3 млн тонна көмір бар. Тапшылық болмайды.
Болжам бойынша, алдағы жылыту маусымында көмірді тұтыну 9,2 млн тоннаны құрайды, оның ішінде коммуналдық қызметтер бойынша - 2,8 млн тонна, тұрғындар бойынша - 6,4 млн тонна.
Көмірді тұтыну өткен маусыммен салыстырғанда 800 мың тоннаға төмендейді деп күтіледі. Бұл газдандыру мен тұрғындардың сұранысының төмендеуіне байланысты.
Министрдің айтуынша, 9 қыркүйектегі жағдай бойынша коммуналдық кәсіпорындар жоспардың 73 пайызына, тұрғындар 60 пайызға көмірмен қамтамасыз етілген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық