Қазақстандықтар бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовты сотқа берді
Қазақстан тұрғындары республиканың бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовты сотқа берді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Диапазон басылымының айтуынша, үш ақтөбелік бірігіп, бас санитарлық дәрігердің үстіне арыз жазған. Оған себеп – жаңа қаулы.
Жаңа қаулыға сәйкес, жұмыс беруші қызметкерін жұмысқа кіргізбеуге құқылы.
Арыз жазушылар Ерлан Қиясов қаулыдағы тиісті тармақтарды алып тастауды талап етіп отыр. Олардың айтуынша, ол заңға қайшы.
– Ақтөбедегі сот Ерлан Қиясовтың Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтінін анықтады. Ол даулы шешімді елордада шығарды, яғни істің өзі сол жерде қаралуы керек, - делінген хабарламада.
Арызды Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына беру туралы шешім қабылданды.
Еске салсақ, 6 қыркүйекте Қазақстанда Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы күшіне енді. Онда коронавирусқа қарсы вакцина алмаған адамдарды жұмыстан шығару туралы талап жазылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық