Балаларын велосипедпен тасыған азаматқа көлік сыйланды
Қызылордалық блогер Асылхан Дүкенбаев аязды күні балаларын велосипедпен тасып жүрген әкеге көлік әперуге ақша жинауды бастаған.
Әлеуметтік желілерде ер адамның күннің суығына қарамастан, балаларын велосипедпен тасып жүрген сәті түсірілген видео тараған еді. Кадрлардан үлкен ұлы велосипедтің алдында отырса, кішкентайы артындағы себетте бөкебайға оралған күйі ұйықтап жатқанын көруге болады.
Дүкенбаев оның отбасының уақытша үйде тұратынын, жеке баспаналарының жоқ екенін айтты. Ер адамның айтуынша, бұл видеоға түсіп қалған сәтте балаларымен ойын алаңдарының бірінен қайтып келе жатқан.
Айта кетейік, қала тұрғыны басында автокөлік сатып алуға ақша жинағысы келгендердің көмегінен бас тартқан.
Бізден де нашар өмір сүретіндер бар. Орташа өмір сүріп жатырмыз, аш емеспіз. Отбасымызға үлкен ықылас танытып, қамқорлық көрсеткен барлық жанашыр азаматқа алғыс айтамын, – деді ол.
Көпшіліктің атсалысуымен елдің ықыласына бөленген қызылордалық тұрғын көлік мінді. Бұл туралы блогер Асылхан Дүкенбаев instagram парақшасында жазды.
– Аманаттарыңызды табыстадым ағайын! Көлігіңіз құтты болсын, Қанеке. Енді осы көлікпен қос құлыншағыңызды қалаған жерге апарыңыз! Көп түкірсе көл деген осы шығар! Сіздерге Алла разы болсын! Алланың сүйікті құлы болыңыздар! Берген садақаларыңызды Алла еселеп қайтарсын. Қалған ақпаратты видеомен саламын! – деп жазды блогер парақшасында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық