Қазақстандық төрт белсендіні Pegasus бағдарламасы тыңдаған
9 желтоқсан күні Amnesty International қауіпсіздік зертханасы кемінде төрт қазақстандық қоғам белсенділері өздерінің мобильді құрылғыларына NSO тобының Pegasus тыңшылық бағдарламасы қондырылғанын анықтады. Сот-медициналық сараптама көрсеткендей, барлық төрт белсендіге шабуыл жасалып, олардың құрылғылары 2021 жылдың маусым айында тыңшылық бағдарламаны жұқтырған.
«Бұл іс қазірдің өзінде өсіп келе жатқан NSO тобының тыңшылық бағдарламасының бұл қоғамдық қозғалыстарды өшіруге және келіспеушіліктерді басуға тырысатын үкіметтер үшін таңдаулы қару екендігі туралы дәлелдерді айшықтайды. Бүкіл әлем бойынша мемлекеттер адам құқықтарына сәйкес келетін нормативтік-құқықтық база құрылғанға дейін бақылауға арналған жабдықты экспорттауға, сатуға және пайдалануға мораторий енгізуі тиіс» деп мәлімдеді Amnesty International компаниясының Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры Мари Стратерс.
Amnesty International қауіпсіздік зертханасының сот-медициналық сараптамасына сәйкес, тексерілген қазақстандық тоғыз құқық қорғаушының төртеуіне Pegasus бағдарламасы орнатылған. Олардың үшеуіне Apple компаниясынан 24 қараша күні «мемлекет қаржыландыратын қаскүнем» деген ескертпе келген. Үш белсенді: Тамина Оспанов, Димаш Әлжанов, Айзат Әбілсейіт. Төртінші белсендіге хабарлама келмеген, ол Дархан Шәріпов. Белсенділер «Oyan, Qazaqstan» жастар қозғалысының мүшелері.
Еске салсақ, Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) 20 шілдеде Израиль компаниясының Pegasus дейтін вирус бағдарламасы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты бақылауда ұстаған болуы мүмкін деген болжам жасаған.
Зерттеушілердің қолында бар 50 мың нөмірдің 2 мыңы Қазақстанға тиесілі. Орталық бақылауда болған кейбір адамдардың аты-жөнімен бөлісті.
Қазіргі кезде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, үкімет басшысы Асқар Мамин және Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина, журналистер Серікжан Мәулетбай мен Бигелді Ғабдуллин аталды.
Белгілі болғандай вирус арқылы көптеген елдің жоғары лауазымды тұлғалары қармаққа ілінген.
Ал ең қызығы, Тоқаев NSO Group компаниясының (Pegasus бағдарламасын әзірлеуші) тізіміне 2017-2018 жылдары, әлі сенат спикері болып тұрғанда кірген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық