Қазақстандық студенттердің шәкіртақысы әлі де өседі
Қазақстанда жоғары білім сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
«Ол негізінен бірнеше бағыттарды қамтиды. Атап айтсақ: оңтайлы басқару жүйесі, акдемиялық саясат, білім бағдарламаларының сапасы, қолжетімді қаржыландыру, кәсіби оқытушылар құрамы мен академиялық адалдық принциптерін сақтау және сапаны қамтамасыз етудің тиімді жүйесі» делінген Білім министрінің есебінде.
Еліміздің 122 университеттерінің жартысы жеке мешік ұйымдар. Бакалавриат, магистратура мен докторантура деңгейлерінде 600 мыңнан астам студенттер білім алуда. Қазақстанның 14 жоғары оқу орыны Дүниежүзілік ең үздік университеттер рейтингінде.
«Соңғы жылдары гранттар саны 2 есеге жуық өсті. Енді 2025 жылға қарай кезең кезеңмен грант саны 75 мыңға дейін жетеді. Мемлекет басшысының тапсырмасының аясында студенттердің стипендиясы да екі есеге жуық өсіп, 2025 жылға қарай олардың стипендиясы тағы 2 есеге, ал магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 1,5 есеге артады» деді Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында.
Қаржыландыру жүйесіне келсек. Қазақстанның барлық университеттері жан басына қаржыландыру жүйесіне көшті. Мемлекеттік пен жеке меншік университеттер оларды қанша талапкер таңдаса дәл сол мөлшерде ғана мемлекеттен грант, яғни қаражат алады. Сәйкесінше, мемлекеттік жоғары оқу орындар, жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жалақы төлеуге, материалдық базасын жаңартуға бюджеттен тікелей қаржы алмайды. Тек студенттердің таңдауына сәйкес гранттармен қаржыландырылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық