Қазақстандық шенеуніктердің табысы мен шығыны бақылауға алынады
Фото: Ашық дереккөзден
Бүгін мәжіліс отырысында шенеуніктердің табысы мен шығынының айырмашылықтарын бақылауға алу туралы заң жобасы қаралды. Егер айырмашылық байқалса, оларға санкция салынады. Жоба жемқорлықтың алдын кесуге бағытталған.
Мәселен, мемлекеттік қызметкер мен оның жұбайының шығыны табысынан көп болса, оларға мансаптық санкция жарияланады.
«Санкция айырмашылық мөлшері көп болған жағдайда салынады. Шығын мен табыс айырмашылығы 1 000 айлық есептік көрсеткіштен (3 миллион теңге) асса, мемлекеттік қызметкерге айырмашылықтың 90%-на тең болатын айыппұл салынады. Дегенмен барлық жағдайда шығынның заңды екенін түсіндіруге мүмкіндік беріледі. Ал шығын мен кіріс арасындағы табыс мемлекеттік қызметкердің жылдық табысынан асып кетсе, ол қызметінен босатылады» деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов.
Оның айтуынша, заң жобасы қабылданғаннан кейін ортақ табысты тіркеу жеңілдейді.
Айта кетсек, 2021 жылы мағлұмдаудың бірінші кезеңінде мемлекеттік қызметкерлер активтері туралы ақпаратты ұсынуы керек болған.
2025 жылы барлық азаматтар өзінің табысы туралы есеп береді.
Жоғарыда аталған заң жобасы 2027 жылы қабылдануы тиіс.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық