Қазақстандық шенеуніктер құттықтауында Желтоқсан мен Жаңаөзенді еске де алмады
Шенеуніктер жерлестерін Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады. Бірақ олар құттықтауларында 1986 және 2011 жылғы Желтоқсан мен Жаңаөзен оқиғасын еске алған жоқ.
Премьер-министр Асқар Мамин ең алдымен Қазақстанның тұңғыш президентінің табыстарын атап өтті, одан кейін қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев туралы айтып, одан кейін ғана Қазақстан халқы туралы еске алды.
— Құрметті қазақстандықтар, баршаңызды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын! 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдады. Өткен жылдар ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлеуметтік-экономикалық дамуда, мемлекеттілік пен халықаралық беделді нығайтуда зор табыстарға қол жеткізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы дамытуға, халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға, елдегі бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтауға бағытталған стратегиялық бағытты жалғастыруда. Елімізде саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырту жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Тарих үшін 30 жыл аз уақыт болса, біз үшін егеменді еліміздің қалыптасуына ұзақ жол. Тәуелсіздік әрбір қазақстандықтың елі мен жерінің игілігі жолындағы қажырлы еңбегіне, дамыған және қуатты мемлекетте өмір сүруге деген ұмтылысына толы. Көпұлтты Қазақстан халқымыздың күш-қуаты бірлікте, алға қойған мақсатына жетуге ұмтылуда екенін бүкіл әлемге паш етті. Барша қазақстандықтарды осы айтулы оқиға – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтаймын. Сізге Қазақстан Республикасының одан әрі гүлденуі жолында жаңа табыстар мен жетістіктер тілеймін! Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы құтты болсын, - деді Мамин.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев та дәл осылай алдымен Назарбаевқа, одан кейін Тоқаевқа тоқталып, жалпы міндет – билік белгілеген бағытты ұстану деп түйіндеді.
— Тәуелсiздiгiмiздiң осынау тарихи белесiн бiз айтулы жетiстiктермен қарсы алып отырмыз. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық саясатының арқасында еліміздің барлық салада жүйелі дамуы қамтамасыз етілді. Ең бастысы, осы жылдар ішінде тәуелсіз мемлекетіміз толықтай қалыптасты. Ендігі біздің ортақ міндетіміз – осы даму бағытын жалғастырып, тәуелсіздікті одан әрі нығайту. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саясаты сабақтастық пен ілгерілеуді қамтамасыз етуге бағытталған. Халқымыз үшін Тәуелсіздіктен асқан құндылық жоқ. Біздің қоғамды жинап, жұмылдырған да сол еді. Енді барымызды бағалап, осы жетістіктерге сүйену маңызды. Ол үшін тұрақтылық пен халықтың бірлігін сақтау, сондай-ақ ел игілігі үшін белсенді жұмыс жасау маңызды, - деді Әшімбаев.
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тұрғындарын құттықтауында инфрақұрылымға тоқталды.
— Құрметті Алматы қаласының тұрғындары! Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құтты болсын! Алматы алға сеніммен қарайды. Бүгінде біз өсіп келе жатқан мегаполистің инфрақұрылымдық мәселелерін шешіп, балабақшалар мен мектептерді, ауруханалар мен спорт кешендерін салудамыз. Біз қоршаған ортаны жақсарту үшін бірлесіп жұмыс жасаймыз, мұқтаждарды баспанамен қамтамасыз етуге тырысамыз және әлеуметтік осал азаматтарды қолдаймыз. Біз алға қойған мақсатымыз – әлемдегі ең жақсы қалалардың бірі болу жолында алға жылжи береміз. Бұған біз бірге жететінімізге сенімдімін, табыс әрқайсымызға байланысты, - деді Сағынтаев.
Естеріңізге салсақ, мереке күні Алматыда бірнеше көше жабылып, ұялы байланыс уақытша өшіріліп, студенттер жатақханадан шығарылмады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық