Қазақстандық профессор «Спутник V» вакцинасының кемшіліктерін атады
Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу науқаны басталатыны айтылғанмен, екпенің жасқа қатысты талаптары нақты түсіндірілмеді. Бұл жөнінде 29 қаңтарда өткен брифингте Санитарлық-эпидемиологиялық экспертиза және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының профессоры Әлім Әкімбаев мәлімдеді. Ғалымның айтуынша, тұрғындарға салынатын вакцинаның нұсқаулығында өндіруші вакцинаның жасқа байланысты шектеулерінің себебін нақтыламаған.
«Вакцинаны кімге салуға болатыны жөнінде нақты нұсқау жоқ. «65 жасқа дейін» деген шектеу бар, бірақ оның себебін түсіндірмейді. Әсері болмай ма, әлде денсаулығын нашарлатып жібере ме? Ештеңе айтылмаған. Тым құрығанда қазіргі кезеңде екпеден не күтуге болатыны жайында нақты ұсыныстар болуы керек. Қазақстандық, ресейлік екпелер бойынша бізге нақты критерийлер керек. Кей жерлерде «60 жасқа дейін» дейді. Нақтылық жоқ. «Мына жасқа дейін болмайды» деп жазса, оның себебін толық айтуы керек», деді профессор Әкімбаев.
Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі 18 бен 65 жас арасындағы азаматтарға коронавирусқа қарсы екпе салынатынын хабарлады. Дегенмен Қазақстандық «QazCovid-in» вакцинасы әлі толық сынақтан өткен жоқ. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда Covid індетіне қарсы жаппай вакцина салу науқаны 1 ақпанда басталуы тиіс. Халыққа сапасы мен қауіпсіздігі Батыс ғалымдарының күмәнін туғызған ресейлік «Спутник V» вакцинасы салынбақ. Шетел зерттеушілері екпенің клиникалық сынағының нәтижелері ашық жарияланбағандықтан, оның қорытындысына сенбейді.
Ал Әкімбаевтың айтуынша, нұсқаулығы бойынша Ресей вакцинасына қарағанда, қазақстандық «QazCovid-in» екпесін сақтау шарттары жеңілірек.
Наурызда мектеп мұғалімдері мен университет оқытушыларына, ведомстволық медицина мекемелері өкілдеріне, сәуірден бастап мектеп-интернат, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері, студенттер мен созылмалы ауруы бар азаматтарға вакцина салынбақ.
Цойдың айтуынша, жыл соңына дейін 6 миллион адамға вакцина салу жоспарланған. Соның ішінде жылдың бірінші жартысында 2 миллион кісіге екпе салынбақ. Айларға бөлгенде: ақпанда – 100 мың, наурызда – 150 мың, сәуірде – 600 мың адам қамтылмақ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық