Қазақстандық продюсер «Қазақстан халқына» қорының директорына шүйлікті
Коллаж Orda.kz
Қазақстандық продюсер Жан Мұқанов «Қазақстан халқына» қорының басшысы Болат Жәмішевке шүйлікті. Ол еріктілер ауру балалардың еміне ақша жинап, әлек болып жатқанда, оларға көмектесудің орнына қызметкерлеріне 500 мың жалақы қойған басшыны сынға алды.
- Осымен екі аптадан бері медиа тұлғалар СМА-ға шалдыққан балаларға миллиард тұратын екпе алу үшін ақша жинауда.
Бәрін айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева бастады. Ол желіде барлық танымал жандарды кішкентай қызға көмектесуге шақырып, үш күнде 300 млн теңге жинап, 1 млрд теңгені толықтырды.
Дана Есеева Эмилия есімді балапанға көмектесу үшін тәулік бойы желіде отыр. Қыз 2 жас 10 айлық. Ал екпені 13 келі салмаққа дейін салуға болады, одан кейін пайдасы болмайды. Ата-анасы 1 млрд теңгені жинай алмай жатқандықтан, қызды диетада ұстап отыр, - деп ашынды продюсер.
Мұқановтың айтуынша, қызға көптеген танымал адамдар көмектесуге тырысуда. Олар қарапайым халықтан 100-200 теңгеден жинап беруде.
«Ақшаны халық жинап жатыр. 100, 200 теңгеден... Бұл оңай емес, дегенмен жанашыр халық тырысуда» деді продюсер.
Ол қор басшысы Жәмішевке сұрақ қойды:
«Қашанға дейін әрекет етпей, қарап отыра бермексіздер? Сіздер миллиардаған ақшаны жинап отырсыздар. Мұнда балаға көмек керек. Өйткені миллиард теңге тұратын екпе оның өмірін құтқарады. Сіздер неге үнсізсіздер?
Жәмішев мырзаға адам ретінде айтар назым жоқ. Бірақ қордың директоры ретінде шағымым бар.
Қоғамдағы, желідегі толқуларға тез арада жауап берудің орнына бірінші кезекте қор командасына 500 мың теңге жалақы тағайындадыңыздар. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл жыл балаларға арналады! Балаларға!
Жәмішев мырза, қорда не болып жатыр? Сіздер қайдасыздар? Халықтың алдына шығып, әрекеттеріңіз туралы айтып беріңіздер. Балалар өліп жатыр» деді Жан Мұқанов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық